Бас бет> Қытай Әскери Кілтсөзі

​АРМИЯ МЕН ҮКІМЕТТІҢ, АРМИЯ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІ

(Қытай Әскери Кілтсөзі)

08-11-2021 | russian.china.org.cn

АРМИЯ МЕН ҮКІМЕТТІҢ, АРМИЯ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ БІРЛІГІ

Армия мен үкіметтің, армия мен халықтың бірлігі–бұл Қытай армиясының ұзақ уақыттық революциялық құрылыс пен даму практикасында қалыптасқан тамаша дәстүрі мен ерекше артықшылығы, мұның мәні мен өзегі–Қытай коммунистік партиясының абсолютті басшылығындағы халық армиясының халық бұқарасымен етене байланысын бастан - аяқ сақтау болып табылады. Мао Цзэдун бір кездері «армия мен халықта  бірлік болса бір адамдай, әлемде тең келер жау оған қандай» деген әйгілі тұжырым жасады. 2013 жылғы наурызда Си Цзиньпин мемлекеттік XII кезекті бірінші сессиясындағы азаттық армия делегациясының пленарлық отырысында, Армия мен үкіметтің, армия мен халықтың бірлігі–мемлекетті байыту мен армияны құдіреттендірудің бірлігін жүзеге асырудың маңызды саяси кепілі екенін атап өтті.

Армия мен үкіметтің, армия мен халықтың бірлігі бір-бірін толықтыратын екі аспектінен тұрады: Біріншіден, армия халыққа шын жүректен қызмет ету мақсатын жүзеге асырып, бұқараға тиіттей де залал тигізбейтін бұқаралық тәртіпке бойсұнып, үкіметті қолдап, халықты аялау; Екіншіден, жергілікті үкімет пен халық бұқарасы армияны қолдап, әскерилерді аялап, әскерилер отбасына қамқорлық жасау. Хуайхай азаттық соғысы кезінде 5,4 миллионнан астам адам соғысқа келіп қолдау көрсетті, мұның өзі армия мен халықтың етене бірлігінің жарқын көрінісі. Халық армиясы қашанда халықпен тыныстас, тағдырлас, тілектес болды, Айталық, 1998 жылғы тасқын апатына қарсы тұру, Сычуанның Вэнчуань ауданындағы жер сілкінісі апатынан құтқару, батыс бөлікті қауырт ашу, кедейлікпен күрес коронавируспен күрес, т.б.лар осының жарқын мысалы. Тарих армия мен үкіметтің, армия мен халықтың болаттай берік қатынасы барлық тар жол, тайғақ кешулерді жеңіп, жеңістен жеңіске жетудің маңызды асылы екенін дәлелдеді.


军政军民团结 

军政军民团结是中国军队在长期革命建设发展实践中形成的优良传统和特有优 势,本质和核心是始终保持中国共产党绝对领导下的人民军队同人民群众的血肉联系。毛泽东曾作出“军民团结如一人,试 看天下谁能敌”的著名论断。2013年3月,习近平在十二届全国人大一次会议解放军代表团全体会议上指出,军政军民团结是实现富国与强军相统一的重要政治保障。军政军民团结包括相辅相成的两个方面:一是军队践行全心全意为人民服务的宗旨,遵守秋毫无犯的群众纪律,拥护政府,爱护人民;二是地方政府和人民群众拥护军队,爱护军人,优待军属。解放战争的淮海战役中,支援部队作战的群众达540多万,就是军民团结如一人的生动体现。人民军队始终和人民同呼吸、共命运、心连心,“98”抗洪、四川汶川抗震救灾、西部大开发、脱贫攻坚战、抗击新冠肺炎疫情等,都是生动写照。历史证明,坚如磐石的军政军民关系,是战胜一切艰难险阻、不断从胜利走向胜利的重要法宝。