Бас бет> Қытай Әскери Кілтсөзі

АРМИЯ ІШІНДЕ СТИЛДІ ДҰРЫСТАУ, ТӘРТІПТІ ҚАТАЙТУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУ

(Қытай Әскери Кілтсөзі)

08-11-2021 | russian.china.org.cn

АРМИЯ ІШІНДЕ СТИЛДІ ДҰРЫСТАУ, ТӘРТІПТІ ҚАТАЙТУ ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРУ

Сыбайлас жемқорлық бар жерде армияның негізі шайқалады, жауынгерлік қуатына дақ түседі, ол халық армиясының сипатымен, түп мақсатымен мүлдем отаспайтын, армияның қызмет функциясына мүлдем қарсы дүние. Армия дегеніміз қарулы күш, онда жемқор элементтердің жасырынатын орны болуға әсте жол берілмейді.

Қытай коммунистік партиясының мемлекеттік XVIII құрылтайынан бері, Си Цзиньпин халық армиясына баcшылық етіп, стилді дұрыстап, тәртіпті қатайтып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруды табандылықпен алға жылжытты. Саяси тәртіп пен саяси қағиданы қатайтты, Го Босюн, Сюй Цайхоу, Фан Фэнхуй, Чжан Ян қатарлылар тәртіпке, заңға ауыр қайшылық жасау қылмыстық істері бойынша қатаң жазаға тартылды. Сыбайлас жемқорлықты тәртіп пен заңға сәйкес қатаң түрде жазалап, ірі инженерлік құрылыстар, құрал-жабдықтар мен материалдарды сатып алу сияқты салаларға арнайы түзетулер жүргізуді, маңызды түйіндерді мықты ұстай отырып, стил жөнінде үзбей бақылау-тексеру жүргізіп, «Төрт бұрыс стилді» ішкерілей түзетіп, салтты дұрыстады. Негізгі сатының қызмет стиліне бақылау-тексеру жүргізетін байланыс пункттерін құрып, стилді дұрыстаудың, тәртіпті қатайтудың қысым-күшін негізгі сатыларға аудырып, офицерлер мен жауынгерлердің арасындағы «Микро-сыбайлас жемқорлық» пен бұрыс стилдерді күш сала түзетті. Шарлап тексеру қызметін жан-жақты өрістетіп, саяси шарлауды ішкерілей жүргізіп, саяси бақылауды күшейтіп, әскери комитетінің орган, тарауларын, үлкен жұмыс орындарын аралап тексеру мен қайталай аралап тексерудің толық қамтуын орындап, жағдай мен міндеттің талаптарына сәйкес, арнайы аралап тексеруді өрістетті. Қазыналық бақылаумен толықтай қамтуға күш салып, түйінді салаларға, үлкен жобаларға, маңызды қаржыларға байланысты қазыналық бақылау жүргізу тебінін арттырып, басшы кадрлардың экономикалық жауапкершілігіне қазыналық бақылау жүргізуді қатайтып, қаражат өнімділігіне қазыналық бақылау жүргізуді, жалпы барыс бойынша ізіне түсіп қазыналық бақылау жүргізуді, армия мен жергілікті орын бірлесіп қазыналық бақылау жүргізуді белсенді алға жылжытты. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес түбегейлі жеңіске жетіп, пәк, әділ, тамаша саяси экология негізінен қалыптасты. 


军队正风肃纪反腐 

腐败动摇的是军心,锈蚀的是战斗力,与人民军队性质宗旨格格不入,与军队职能使命水火不容。军队是拿枪杆子的,绝不允许有腐败分子藏身之地。中国共产党第十八次全国代表大会以来,习近平领导人民军队坚定不移推进正风肃纪反腐。严明政治纪律政治规矩,严肃查处郭伯雄、徐才厚、房峰辉、张阳等严重违纪违法案件。严格依纪依法惩治腐败,开展重大工程建设、装备物资采购等行业领域专项整治,扭住重要节点持续开展作风督查,深入纠“四风”正风气。建立基层风气监察联系点制度,把正风肃纪反腐压力传导到基层,着力纠治官兵身边“微腐败”和不正之风。全面推开巡视巡察工作,深化政治巡视,强化政治监督,完成对军委机关部门、大单位巡视和回访巡视全覆盖,紧跟形势任务要求开展专项巡视。着力推进审计全覆盖,加大重点领域、重大项目、重要资金审计力度,严格领导干部经济责任审计,积极推行经费绩效审计、全程跟踪审计、军地联合审计。反腐败斗争取得压倒性胜利,风清气正的良好政治生态基本形成。