ЖАУЫНГЕРЛІК РУХТЫ ЖЕТІЛДІРУ
Қытай халық армиясы соғыстан тайсалмайтын батылдығымен әлемге танылды, ұзақ уақыттық революциялық құрылыс тәжірибесінде ерекшелігі айқын жауынгерлік рух қалыптасып жетілді, бұл «жападан да, өлімнен де қорықпау» жағында шоғырлы бейнеленді. 2013 жылы Сәуір айында Си Цзиньпин теңіз армиясының Саньяда тұратын әскери бөлімін көзден кешіргенде: идеялық-саяси құрылысты игеруде, сөз жоқ, жауынгерлік рухты, жауынгерлік стилді айрықша жетілдіруді, офицерлер мен жауынгерлердің әскер болып соғыс жүргізу, әскер бастап соғыс жүргізу, әскер жаттықтырып соғыс жүргізу идеясын күшейтуді, жауынгерлік рухты жетілдіретін баянды механизм қалыптастыру жөнінде ізденіс жасауды ұсынды. 2014 жылғы желтоқсанда Қытай коммунистік партиясының Орталық Комитеті «Жаңа жағдайдағы армияның саяси қызметі жөніндегі бірқанша мәселе туралы қаулыны» шығарды, онда «жападан да, өлімнен де қорықпауды» ұйтқы еткен жауынгерлік рухты жетілдіріп, идеялық жақтан жетелеу, жаттықтыру арқылы шыңдау, ауыр міндеттермен шынықтыру, жауынгерлік мәдениетпен баулу, саясаттық жүйемен ынталандыру рөлін сәулелендіріп, әскери бөлімдердің соғыс тарихы, соғыс үлгілері, соғыс қолбасылары, соғыс қаһармандары жөнінде үйренулер ұйымдастырып, патриотизмді, төңкерісшіл қаһармандықты насихаттап, революциялық жауынгерлік рухты көтеріп, отан үшін басын бәй тігетін күрескерлік сенімін, шайқаста ерлікпен жеңіске жететін жігерін, береке-бірлікпен селбесетін күрескерлік қасиетін, берік жауынгерлік менталитетін, қайсарлықпен күрес жүргізетін стилін жетілдіруді баса дәріптеді.
培育战斗精神
人民军队以敢打敢拼闻名于世,在长期革命建设实践中,培育形成了特色鲜明的战斗精神,集中体现为“一不怕苦、二不怕死”。2013年4月,习近平在视察海军驻三亚部队时提出,抓思想政治建设,必须把培育战斗精神、培养战斗作风突出出来,强化官兵当兵打仗、带兵打仗、练兵打仗的思想,探索形成战斗精神培育的长效机制。2014年12月,中共中央转发 《关于新形势下军队政治工作若干问题的决 定》,强调培育以“一不怕苦、二不怕死”为核心的战斗精神,发挥思想教育引导、训练管理磨砺、重大任务锤炼、战斗文化熏陶、政策制度激励的作用,组织学习部队战史、战例、战将、战斗英雄,弘扬爱国主义和革命英雄主义,提振革命军人精气神,培育舍身报国战斗信念、敢打必胜战斗血性、团结协作战斗品格、沉稳坚韧战斗心理、英勇顽强战斗作风。