ҚЫЗЫЛ ГЕНДІ ЖАЛҒАСТЫРУ
Қызыл ген – Қытай коммунистерінің рухани өзегі және Қытай армиясының табиғаты мен тамаша дәстүрінің шоғырланған көрінісі.
2013 жылы ақпанда Си Цзиньпин Ланьчжоу әскери регионына барған кезінде қызыл генді ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруды алға қойды. 2014 жылдың қазан айында Си Цзиньпин бүкіл армияның Гутянь саяси қызмет мәжілісінде мұрат-сенімнің алауын, қызыл дәстүрдің генін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру керектігін баса дәріптеді. 2017 жылғы 01 тамызда Си Цзиньпин Қытай халық азаттық армиясы құрылғандығының 90 жылдығын құттықтау жиналысында маңызды сөз сөйлеп, халық армиясының жеңістен жеңіске жетуі, түптеп келгенде, партия басшылығының ұлы құдіретін, мұрат-сенімнің ұлы күшін, реформада жаңалық ашудың ұлы күшін, жауынгерлік рухтың ұлы күшін, төңкерістік тәртіптің ұлы күшін, армия мен халық бірлігінің ұлы күшін әйгілейтіндігін атап көрсетті және қызыл ген туралы терең пайымдау жасады.
2017 жылдың қазан айында Қытай коммунистік партиясының XIX құрылтайы бүкіл армияда «Қызыл генді жалғастырып, армияны құдіреттендірудің ауыр жүгін арқалау» тақырыптық тәрбиесін өрістетуді алға қойды. 2018 жылғы маусымда орталық әскери комитеті шығарған «Қызыл генді жалғастыру жөніндегі атқару программасында» мыналар айқын атап көрсетілді: Қызыл генді жалғастыру үшін, өзекті қорғау, партияның қолбасшылығына бойсұну сынды абсолютті адалдықты күш сала шыңдап, социалистік және коммунистік мұрат-сенімді бекемдеп, батылдықпен реформа жасау, батылдықпен қамал алу сынды жаңалық ашу танымын күшейтіп, жапа-машақаттан, өлімнен қорықпайтын жауынгерлік рухты жетілдіріп, бұйрықты саналы түрде бұлжытпай атқару сынды революциялық тәртіпті қатайтып, халық қа қызмет көрсету, армия мен халықты сүйю, халықтың бірлігін сақтау сынды ерекше басымдықты бекемдеу керек.
传承红色基因
红色基因,是中国共产党人的精神内核,是中国军队性质宗旨本色和优良传统的集中体现。2013年2月,习近平视察兰州军区时提出,要把红色基因一代代传下去。2014年10月,习近平在古田全军政治工作会议上强调,要把理想信念的火种、红色传统的基因一代代传下去。2017年8月1日,习近平在庆祝中国人民解放军建军90周年大会上发表重要讲话,提出人民军队从胜利走向胜利,彰显了中国共产党领导的伟大力量,彰显了理想信念的伟大力量,彰显了改革创新的伟大力量,彰显了战斗精神的伟大力量,彰显了革命纪律的伟大力量,彰显了军民团结的伟大力量,由此对 红色基因进行了深刻阐述。2017年10月,中国共产党第十九次全国代表大会提出,在全军部队开展“传承红色基因、担当强军重任”主题教育。 2018年6月,中央军委印发的《传承红色基因实施纲要》明确指出:传承红色基因,要着力锻造维护核心、听党指挥的绝 对忠诚,坚定社会主义、共产主义的理想信念,强化勇于改革、敢于突破的创新意识,培育一不怕苦、二不怕死的战斗精 神,严明高度自觉、令行禁止的革命纪律,巩固爱民为民、军民团结的特有优势。