САЯСИ ҚЫЗМЕТ – ХАЛЫҚ АРМИЯСЫНЫҢ МӘҢГІЛІК ЖАН АРҚАУЫ
Халық армиясының саяси қызметі, іс жүзінде, Қытай коммунистік партиясының армияға баcшылық ету және оны игеру қызметі болып, ұлы революция кезінде өркен алып, армия құрылған алғашқы мезгілде жарыққа шығып, Гутянь мәжілісінде негізі қаланды. 1929 жылы желтоқсанда Мао Цзэдун дайындаған төртінші Қызыл армияның тоғызыншы құрылтайының қарар жобасы, яғни Гутянь мәжілісінің қарары партияны идеялық, саяси жақтан құрудың негізгі бағыты мен принцибін тұңғыш рет жүйелі белгілеп, халық армиясының саяси қызмет негізін қалады. Ұзақ мерзімді революция, құрылыс және реформалар барысында Қытай коммунистік партиясы басшылық еткен революциялық саяси қызмет армияның негізіне айналды, революция жасау сынды саяси қызмет халық армиясының бастан-аяқ партияның абсолютті басшылығындағы армия болуына кепілдік етіп, халық армиясының күшті жау мен қиын-қыстау кедергілерді жеңуіне сарқылмас күш беріп, халық армиясының қасиетін және стилін бастан - аяқ сақтап келді. Саяси қызмет халық армиясының шыңдалған өнері, сондай-ақ халық армиясының ең үлкен ерекшелігі мен артықшылығы екенін тарих пен тәжірибе дәлелдеді. Соғыс формасы қалай өзгерсе де, армия құрылысының ішкі және сыртқы ортасы қалай өзгерсе де, армияның ұйымдық формасы қалай реттелсе де, саяси қызмет әрдайым халық армиясының негізі болып қала береді.
政治工作永远是人民军队的生命线
人民军队政治工作,实质上是中国共产党领导和掌握军队的工作,萌芽于大革命时期,创立于建军之初,奠基于古田会议。1929年12月,毛泽东起草的红四军第九次党代表大会决议案,即古田会议决议,第一次系统规定了思想建党、政治建军的基本方针原则,奠定了人民军队政治工作的基础。在长期革命、建设、改革历程中,中国共产党领导的革命的政治工作是革命军队的生命线。实行革命的政治工作,保证了人民军队始终是党的绝对领导下的军队,为人民军队战胜强大敌人和艰难险阻提供了不竭力量,使人民军队始终保持了本色和作风。历史和实践证明,政治工作是人民军队的看家本领,是人民军队的最大特色、最大优势。无论战争形态怎么演变、军队建设内外环境怎么变化、军队组织形态怎么调整,政治工作永远是人民军队的生命线。