ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ ӘСКЕРИ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТ
Әскери стратегиялық бағыт – Әскери күштерді құру мен қолданудың жалпы шарасы, әрі ол дәуірдің дамуымен байытылып, жетілдіріліп отырады. Қытай халық республикасы құрылғаннан бері халық армиясы белсенді қорғану стратегиялық идеясы мен стратегиялық дәстүрге мұрагерлік етті және әскери стратегиялық бағытқа сегіз үлкен түзетулер енгізді, орта есеппен әр 8-10 жылда бір рет түзетулер енгізілді.
Си Цзиньпиннің өзі төрағалық ете отырып бекіткен жаңа дәуірдегі әскери стратегиялық бағыт 2019 жылдың қаңтарында жариялады. Жаңа дәуірдегі әскери стратегиялық бағытта, қорғаныс, өзін-өзі қорғау және ырықтылықты соңынан алу принципіне табанды болу, белсенді қорғаныс жолымен жүру және «біреу бізге соқтықпаса, біз оған соқтықпаймыз, ал біреу бізге соқтығатын болса, біз де оған соқтығамыз» деген қағидаға табанды болу, соғысты тежеу мен соғыста жеңіске жетудің бірлігі, стратегиялық қорғану мен шайқастық шабуылдың бірлігі баса дәріптелді.
新时代军事战略方针
军事战略方针是军事力量建设与运用的总方略,并随着时代发展充实完善。新中国成立以来,人民军队继承积极防御战略思想和战略传统,先后对军事战略方针进行了8次重大调整,平均8—10年调整一次。 习近平亲自主持制定的新时代军事战略方针,于2019年1月颁布出台。新时代军事战略方针,坚持防御、自卫、后发制人原则,实行积极防御,坚持“人不犯我、我不犯人,人若犯我、我必犯人”,强调遏制战争与打赢战争相统一,强调战略上防御与战役战斗上进攻相统一。