Бас бет> Қытай Әскери Кілтсөзі

​АРМИЯНЫ САЯСИ ЖАҚТАН ҚҰРУ, РЕФОРМА, ҒЫЛЫМ-ТЕХНИКА ЖӘНЕ ДАРЫН ИЕЛЕРІМЕН ҚҰДІРЕТТЕНДІРУ, ЗАҢМЕН БАСҚАРУ

(Қытай Әскери Кілтсөзі)

08-11-2021 | russian.china.org.cn

АРМИЯНЫ САЯСИ ЖАҚТАН ҚҰРУ, РЕФОРМА, ҒЫЛЫМ-ТЕХНИКА ЖӘНЕ ДАРЫН ИЕЛЕРІМЕН ҚҰДІРЕТТЕНДІРУ,

ЗАҢМЕН БАСҚАРУ

2019 жылы желтоқсанда Си Цзиньпин армияның маңызды жиналысында, армияны саяси жақтан құруға және реформа, ғылым-техника, дарын иелерімен құдіреттендіруге, заңмен басқаруға табанды болуды ұсынды. Армияны саяси жақтан құру, негізінен саяси қызметтің арқаулық рөлін сәулелендіріп, партияның армияға абсолютті басшылығын шынайы қамтамасыз етіп, партияның сипатын, негізгі мақсатын, қасиетін мәңгі сақтауға бағытталған. Армияны реформа арқылы құдіреттендіру, негізінен мемлекет қорғанысы мен армия құрылысына тұсау болатын түзілістік кедергілерді, құрылымдық қайшылықтарды, саясаттық мәселелерді шешуге, армияның ұйымдық формациясын модернизациялауға, Қытай үлгісіндегі заманауи әскери күштер жүйесін құруға, Қытай үлгісіндегі социалистік әскери жүйені жетілдіруге және дамытуға бағытталған. Армияны ғылым-техникамен құдіреттендіру, негізінен ғылым-техника–өзекті жауынгерлік қуат деген идеяны орнатып, дербес жаңалық ашуды стратегиялық негіз етуге табанды болып, ғылым-техника жаңалығының халық армиясын құру және жауынгерлік қуатын дамытуға қосар үлесін жоғарылатуға бағытталған. Армияны дарын иелерімен құдіреттендіру, негізінен кадрлар мен дарындыларды дайындауды анағұрлым көрнекті орынға қойып, адал, кіршіксіз, жауапкершілік арқалайтын жоғары сапалы кадрлар командасын күш сала сомдап, армияны құдіреттендіруді, жеңіске жетуді мұрат ететін таңдаулы дарындарды барынша жинауға бағытталған. Армияны заңмен басқару, негізінен Қытай үлгісіндегі әскери заңмен басқару жүйесін орнатып және жетілдіріп, армияны басқару тәсілінде түбірлі бұрылыс жасауға ықпал етіп, мемлекет қорғанысы мен армия құрылысын заңмен басқару деңгейін жоғарылатуға қаратылған. 


政治建军、改革强军、科技强军、人才强军、依法治军 

2019年12月,习近平在军队一次重要会议上提出,坚持政治建军、改革强军、科技强军、人才强军、依法治军。政治建军主要是发挥政治工作生命线作用,确保党对人民军队的绝对领导,永葆人民军队性质、宗旨、本色。改革强军主要是解决制约国防和军队建设的体制性障碍、结构性矛盾、政策性问题,推进军队组织形态现代化,构建中国特色现代军事力量体系,完善和发展中国特色社会主义军事制度。科技强军主要是树立科技是核心战斗力的思想,坚持自主创新的战略基点,提高科技创新对人民军队建设和战斗力发展的贡献率。人才强军主要是把培养干部、培养人才摆在更加突出的位置,着力锻造忠诚干净担当的高素质干部队伍,着力集聚矢志强军打赢的各方面优秀人才。依法治军主要是构建完善中国特色军事法治体系,推动治军方式根本性转变,提高国防和军队建设法治化水平。