Бас бет> Қытай Әскери Кілтсөзі

​ПАРТИЯНЫҢ ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ АРМИЯНЫ ҚҰДІРЕТТЕНДІРУ МАҚСАТЫ

(Қытай Әскери Кілтсөзі)

08-11-2021 | russian.china.org.cn

ПАРТИЯНЫҢ ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ АРМИЯНЫ ҚҰДІРЕТТЕНДІРУ МАҚСАТЫ

Си Цзиньпин Чжунхуа ұлтының ұлы гүлденуі сынды Қытай арманын жүзеге асыруды көзде ұстай отырып жаңа дәуірдегі армия құру мақсатын алға қойды. 

Қытай коммунистік партиясы барлық тарихи кезеңдерде жағдай мен міндеттердің өзгеруіне сәйкес, халық армиясын дамытудың нақты мақсат-талаптарын алға қойды және армия құрылысын үздіксіз алға дамытуға жетекшілік етті. 2013 жылғы 11 наурызда XII кезекті мемлекеттік халық құрылтайының бірінші сессиясы шақырып өткізген азаттық армия делегациясының жалпы жиынында Си Цзиньпин партияның қолбасшылығына бойсұнатын, жеңісті шайқас жүргізе алатын, стилі таңдаулы, қуатты халық армиясын құру мақсатын айқын белгіледі. 2017 жылғы 18 қазанда Си Цзиньпин Қытай коммунистік партиясының ХІХ құрылтайында баяндама жасап мыналарды атап көрсетті: партияның жаңа дәуірдегі армияны құдіреттендіру мақсаты–партияның қолбасшылығына бойсұнатын, жеңісті шайқас жүргізе алатын, стилі таңдаулы дүниежүзілік бірегей халық армиясын құрып шығу. Партияның қолбасшылығына бойсұну–жан жүйе, ол армия құрылысының саяси беталысын белгілейді; Жеңісті шайқас жүргізе алу–ұйтқы, ол армияның түбірлі функциясы мен армия құрылысының түбірлі бағытын бейнелейді; Таңдаулы стил–кепіл, ол армияның сипатына, түп мақсатына, қасиетіне саяды. Осы ғасырдың ортасына қарай халық армиясын толықтай әлемдік деңгейдегі армия етіп құру, бұл дегендік Қытайдың ұлттық қауіпсіздігін жан-жақты және тиімді түрде қамтамасыз етуге қабілетті, күшті халықаралық ықпалы бар қуатты ел ретіндегі мәртебесімен сәйкес келетін әлемдік деңгейдегі армия құру.


党在新时代的强军目标 

习近平着眼实现中华民族伟大复兴中国梦提出新时代军队建设目标。在各个历史时期,中国共产党都根据形势任务的变化,明确提出人民军队建设发展的目标要求,引领军队建设不断向前发展。2013年3月11日,习近平在十二届全国人大一次会议解放军代表团全体会议上,将建设一支听党指挥、能打胜仗、作风优良的人民军队确立为强军目标。2017年10月18日,习近平在中国共产党第十九次全国代表大会的报告中指出,党在新时代的强军目标是建设一支听党指挥、能打胜仗、作风优良的人民军队,把人民军队建设成为世界一流军队。听党指挥是灵魂,决定军队建设的政治方向;能打胜仗是核心,反映军队的根本职能和军队建设的根本指向;作风优良是保证,关系军队的性质、宗旨、本色。到本世纪中叶,把人民军队全面建成世界一流军队,这就是建成同我国强国地位相称、能够全面有效维护国家安全、具备强大国际影响力的世界一流军队。