Бейжің Сяншань форумы
Бейжің Сяншань форумы алғашында Сяншань форумы деп аталған, ол Қытайдың әскери ғылымдар академиясының бастамасымен 2006 жылы құрылған және бастапқыда Азия-Тынық мұхит аймағының қауіпсіздігі жөніндегі «екі арналы» сұхбат алаңы болған. Форум 2014 жылы өткен бесінші кезектен бастап «бір жарым арна» деңгейіне көтеріліп, көлемі едәуір ұлғайған, оған қатысушылардың құрамына Азия-Тынық мұхит аймағындағы және аймақтан тыс елдердегі қорғаныс министрлігінің немесе армияның басшылары, халықаралық ұйымдардың өкілдері, бұрынғы әскери және саяси қайраткерлер, белгілі ғалымдар кірді. 2015 жылы өткен алтыншы кезектен бастап, Сяншань форумын Қытай әскери ғылымдар академиясы мен Қытайдың халықаралық стратегиялық ғылыми қоғамы бірлікте басқарып өткізді. 2018 жылғы сегізінші кезекте Бейжің Сяншань форумы деп аталды. Қазіргі уақытта Пекин Сяншань форумы маңызды халықаралық ықпалға ие, халықаралық қауіпсіздік пен қорғаныс диалогының маңызды платформасына айналды.
Форум ашық, инклюзивті, өзара үлгі алу және ынтымақтастық ұстанымына табанды болып, Азия-Тынық мұхит аймағындағы және әлемдегі жаңа қауіпсіздік жағдайына, жаңа орайлар мен жаңа сын-қатерлерге назар аударады, тең диалогты, өзара тиімді ынтымақтастық пен ортақ қауіпсіздікті жақтайды, ақыл-парасатты шоғырландыруға, таным бірлігін кеңейтуге, өзара сенімділікті арттыруға күш салады, қауіпсіздік сұхбат пен қорғаныстық байланысты күшейту, аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жөнінен оң рөл атқарады.
2019 жылғы 20-22 қазан аралығында Бейжің халықаралық конвенция орталығында Пекин Сяншань форумының тоғызыншы кездесуі өтті, «Халықаралық тәртіпті сақтау және Азия-Тынық мұхиты аймағында бейбітшілік орнату» тақырыбындағы көп кезекті зерттеу-талқы семинарына 76 ресми делегация, 23 елдің қорғаныс министрлері, 6 елдің армия бастықтары (қорғаныс армиясының қолбасшысы), 8 халықаралық ұйымдардың өкілдері, маман-оқымыстылар мен бақылаушылар болып жалпы 1,300-ден астам қонақ қатысты.
北京香山论坛
北京香山论坛原称香山论坛,于2006 年由中国军事科学学会发起,初为亚太地 区安全“二轨”对话平台。论坛从2014年 第5届起升级为“一轨半”,层级规模大幅 提升,与会人员扩展为亚太地区和域外相 关国家的国防部或军队领导人、国际组织 代表、前军政要员及知名学者。自2015年 第6届起,香山论坛由中国军事科学学会和 中国国际战略学会共同主办。2018年第8 届,更名为北京香山论坛。目前,北京香 山论坛已发展成为具有重要国际影响力、 开展国际安全和防务对话的重要平台。
论 坛 坚 持 开 放、 包 容、 互 鉴、 合 作 的理念,聚焦亚太地区乃至全球安全新形 势、新机遇、新挑战,倡导平等对话、互 利合作、共同安全,致力于集聚智慧、扩 大共识、增进互信,为增强安全对话与防 务联系、促进地区和平稳定发挥积极作用。 2019年10月20日至22日,第9届北京 香山论坛在北京国际会议中心举行,76个 官方代表团、23国国防部长、6国军队总 长(国防军司令)、8个国际组织代表及专 家学者和各国观察员等1300余名嘉宾出 席,围绕“维护国际秩序,共筑亚太和平” 主题展开了多场研讨。