Бас бет> Қытай Әскери Кілтсөзі

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПСІЗДІК ӨНІМДЕРІМЕН ҚАМДАУ

(Қытай Әскери Кілтсөзі)

08-11-2021 | russian.china.org.cn

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАУІПСІЗДІК ӨНІМДЕРІМЕН ҚАМДАУ

Әскери саладағы халықаралық әлеуметтік қауіпсіздік өнімдері деп бастысы, мемлекет немесе мемлекеттер тобы халықаралық немесе аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты көздеу мақсатында, дүние жүзінде немесе ерекше региондарда өрістеткен бейбітшілікті сақтау операциялары, гуманитарлық көмек, теңіз айдынында кеме қорғау, халықаралық терроризмге қарсы операциялар, ел аттаған қылмыстарға бірлікте соққы беру және т.б. айтылып отыр. Қытай әрқашан өзінің халықаралық жауапкершілігі мен борыштарын табандылықпен орындайды және мемлекеттің күш-қуатына үйлесетін халықаралық қауіпсіздік өнімдерін белсенді түрде ұсынады. Жаңа дәуірде Қытайдың әскери ықпалының күн сайын артуына байланысты, Қытай елі ұсынған халықаралық қауіпсіздік өнімдері бүкіл әлемді толықтай қамтып отыр. Қытай елі БҰҰ-ның бейбітшілікті қорғау операцияларына қатысады, Қауіпсіздік кеңесінің мандатын орындайды, қақтығыстарды бейбіт жолмен шешуге күш салады, дамуға, қайта құруға дем береді, аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қорайды; халықаралық апаттан құтқаруға, гуманитарлық көмекке белсенді ат салысады, апаттан зардап шеккен елдерге кәсіби құтқару күштерін жібереді, оларға материялдық және медициналық көмек көрсетеді, апатқа ұшырағандарды құтқару, оларға көмектесу және апаттың зиянын азайту жөніндегі халықаралық ауыс-түйісті күшейтеді; Әден шығанағын және басқа теңіз айдындарын қорғау операцияларын жүргізеді, теңіз қатынасын қорғау бойынша барлық елмен ауыс-түйіс, ынтымақтастықты күшейтеді, халықаралық теңіз өткелдерінің қауіпсіздігін бірлесіп қорғайды, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелеріне кеңінен қатысады, төтенше жағдайлар туралы хабарлау, әскери қауіп-қатердің алдын алу және дағдарыс жағдайын басқару тетігін орнату аяқ алысын тездетеді. Мемлекет қуатының күшейуіне байланысты, Қытай әскери күштері халықаралық бейбітшілікті қорғау, халықаралық гуманитарлық көмек және басқа да операцияларға қатысу тебінін арттырады, өз мүмкіндігінше әлеуметтік қауіпсіздік өнімдерімен қамдайды, дүние жүзінің бейбітшілігін қорғауға, бірге дамуға анағұрлым зор үлесін қосады.


提供国际公共安全产品 

军事领域的国际公共安全产品,主要是指国家或国家集团为谋求国际或地区安全稳定,而在世界或特定地区开展的维持和平行动、人道主义救援、海上护航, 以及国际反恐怖行动、协助打击跨国犯罪等。中国始终坚定履行国际责任和义务, 积极提供与国力相适应的国际公共安全产品。进入新时代,中国军队的影响力越来越广,提供的国际公共安全产品遍布全球。参与联合国维和行动,履行安理会授 权,致力于和平解决冲突,促进发展和重建,维护地区和平与安全;积极参加国际 灾难救援和人道主义援助,派遣专业救援 力量赴受灾国救援减灾,提供救援物资与 医疗救助,加强救援减灾国际交流;开展亚丁湾等海域的护航行动,加强与多国护 航力量交流合作,共同维护国际海上通道 安全;广泛参与地区和国际安全事务,推动建立突发情况通报、军事危险预防、危 机冲突管控等机制。随着国力不断增强, 中国军队将加大参与国际维和、国际人道主义救援等行动的力度,在力所能及范围 内提供更多公共安全产品,为维护世界和 平、促进共同发展作出更大贡献。