Бас бет> Қытай Әскери Кілтсөзі

ШЕТЕЛДЕГІ МҮДДЕГЕ САЯТЫН АЙМАҚТАР

(Қытай Әскери Кілтсөзі)

08-11-2021 | russian.china.org.cn

ШЕТЕЛДЕГІ МҮДДЕГЕ САЯТЫН АЙМАҚТАР

Шетелдегі мүддеге саятын аймақтар деп шетелдегі мүдделермен обиектив байланысы бар аймақтар айтылып отыр. 2015 жылдың мамырында Қытай үкіметі «Қытайдың әскери стратегиясы» атты ақ тысты кітапты жариялап, «Шетелдегі мүддеге саятын аймақтар» ұғымын ортаға қойды. Қытайдың ұлттық мүдделерінің кеңейуіне байланысты, шетелдегі мүдделердің қауіпсіздігін қорғау әскери стратегиялық деңгейден назар аударылатын маңызды мәселеге айналды. Қытай есікті шар тарапқа айқара ашу процесінде, Қытайдың шетелдегі энергия ресурстары, стратегиялық арналарының қауіпсіздігі мен шетелдегі құрылымдарының, қызметкерлерінің, активтерінің қауіпсіздігі мәселесі күн сайын көрнектіленіп, теңіз қатынасын қорғау, шетелдегі азаматтарды шегіндіріп шығару, шұғыл құтқару сиақты шетелдегі операциялар мен шетелдегі мүддеге саятын қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық Қытай армиясының ұлттық мүддені қорғаудағы және халықаралық борышты өтеудегі маңызды тәсіліне айналды. Қытайдың шетелдегі мүддесін қорғау жаһандану дәуірінде елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің қажеттілігі болып табылады, сонымен қатар әлемдік және аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтауға тиімді. Қытайдың шетелдегі мүддесіне саятын аймақтарда қақпайлаушылық, бітіспеушілік жәйіттер өмір сүрмейді және ықпал аумағын бөліп алуды, әскери ірге кеңейтуді көздемейді.


海外利益攸关区 

海外利益攸关区是指与海外利益存 在客观密切联系的区域。2015年5月,中国发表《中国的军事战略》白皮书,提出 “海外利益攸关区”概念。随着中国国家利益的拓展,维护海外利益安全已经成为军事战略高度关注的重要问题。在中国不断扩大全方位对外开放的过程中,中国海外能源资源、战略通道安全和海外机构、人员、资产安全问题日益凸显,开展海上护航、撤离海外公民、应急救援等海外行动和海外利益攸关区安全合作,成为中国军队维护国家利益和履行国际义务的重要方式。维护中国海外利益,是全球化时代保障国家可持续发展的需要,也有利于维护世界和地区安全稳定。中国的海外利益攸关区没有排他性和对抗性,不谋求划分势力范围和军事扩张。