Бас бет> Қытай Әскери Кілтсөзі

ШЕТЕЛДЕГІ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ

(Қытай Әскери Кілтсөзі)

08-11-2021 | russian.china.org.cn

ШЕТЕЛДЕГІ МҮДДЕЛЕРДІ ҚОРҒАУ

Қытайдың шетелдегі мүддесі – Қытайдың ұлттық мүдделерінің маңызды құрамдас бөлігі. Шетелдегі мүдденің қауіпсіздігі үшін қызмет ету жүйесін құру арқылы Қытай саяси, экономика, дипломатия, әскери және т.б. құралдардан жан-жақты пайдаланып, шетелдегі Қытай азаматтарының, құрылымдарының, мал-мүлкінің, энергетикалық ресурстарының, стратегиялық арналарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті және халықаралық образын қорғады, тиімді халықаралық ауқым қалыптастырды. Шетелдегі мүдделерді қорғау жағында, Қытай тек жеке мүддесін ғана көздемейді, өз мүддесі мен әр ел халқының ортақ мүддесін ұштастыруға мән береді, халықаралық қоғамды әлеуметтік қауіпсіздік өнімдерімен қамдауға күш салады.

Соңғы жылдардан бері, Қытайдың шетелдегі мүддесі алуан түрлі қауіпсіздік қатеріне дөп келді, өте-мөте, жергілікті соғыс немесе ішкі былықпалық себебінен қауіп-қатерге және зиянға ұшырау жағдайы үздіксіз туылып, шетелдегі мүдделерінің қауіпсіздігін қорғау ұлттық экономика мен халық тұрмысына байланысты маңызды стратегиялық мәселеге айналды. Қытай армиясы халықаралық қауіпсіздік пен әскери ынтымақтастықты белсенді түрде ілгері жылжытып, шетелдегі мүдделерді қорғау механизмін жетілдірді. Шетелдегі операциялар мен қамтамасыздандыру қабілеті арасындағы алшақтықты жоюға, мұхит қуатын дамытуға, шетелде жабдықтау пункттерін құруға және әр түрлі әскери міндеттерді орындау қабілетін арттыруға мән берді. Теңіз қатынасын қорғау, теңіздегі стратегиялық арналардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теңіз құқығын қорғау және шетелдегі Қытай азаматтарын отанға қайтару операцияларын жүзеге асырды, 2015 жылғы наурызда Иеменнің қауіпсіздік жағдайы ауыр дәрежеде ушықты, Қытай теңіз армиясының кеме қорғау құрамасы Әден шығанағындағы теңіз айдынына барып, тұңғыш рет Иемендегі тікелей соғыс жүргізетін өңірлік порттарға ат басын тіреп, 621 Қытай азаматын және Пәкістан, Эфиопия, Сингапур, Италия, Польша және Германия, Канада, Ұлыбритания, Үндістан, Жапония сияқты 15 елдің 279 азаматын қауіпсіз шегіндірді.


维护海外利益

海外利益是中国国家利益的重要组成部分。中国通过构建海外利益安全工作体系,综合运用政治、经济、外交、军事等手段,保障海外本国公民、机构、资产、能源资源、战略通道安全,维护国际形象,塑造有利国际态势。中国维护海外利益,不追求一己私利,注重把自身利益与各国人民的共同利益统一起来,致力于为国际社会提供公共安全产品。 近年来,中国海外利益面临多样化安全威胁,特别是因当地战争或内乱而遭受威胁和损失的情况不断发生,维护海外利益安全已凸显为关系国计民生的重大战略议题。中国军队积极推动国际安全和军事合作,完善海外利益保护机制。着眼弥补海外行动和保障能力差距,发展远洋力量,建设海外补给点,增强遂行多样化军事任务能力。实施海上护航,维护海上战略通道安全,遂行海上维权、撤离海外中国公民等行动。2015年3月,也门安全局势严重恶化,中国海军护航编队赴也门亚丁湾海域,首次直接靠泊交战区域港口,安全撤离621名中国公民和279名来自巴基斯坦、埃塞俄比亚、新加坡、意大利、波 兰、德国、加拿大、英国、印度、日本等 15个国家的公民。