Бас бет> Қытай Әскери Кілтсөзі

​ӘСКЕРИ ҚАРУДЫ КОНТРОЛДАУ

(Қытай Әскери Кілтсөзі)

08-11-2021 | russian.china.org.cn

ӘСКЕРИ ҚАРУДЫ КОНТРОЛДАУ

Әскери қаруды контролдау деп мемлекеттің немесе халықаралық ұйымдардың екі немесе көпжақты халықаралық шарттар негізінде қару-жарақ жүйелерін зерттеу, сынау, өндіру, орналастыру, қолдану және өткермелеуге қатысты немесе қару-жарақ мөлшеріне бағыттай отырып қоятын шектеулерді меңзейді, оның мақсаты әскери күштердің қаупін азайту және соғыс туылған жағдайда салыстырмалы ұстамдылық көрсету.

Қытай әскери қаруды контролдаудың халықаралық процесіне айрықша мән берумен қатар оған белсенді ат салысты, БҰҰ мен басқа да қатысты халықаралық ұйымдардың, көпжақты тетіктердің рөлін толық атқаруға, қолданыстағы көп жақты қаруды контролдау, әскерилерді қысқарту және таралудың алдын алу жүйесін бекемдеуге, барлық елдердің заңды және орынды қауіпсіздік істеріне құрметпен қарауға және жаһандық қауіпсіздікті қорғауға, стратегиялық тепе-теңдік пен тұрақтылықты қорғауға шақырады. Ядролық қарусыздандыру мәселесінде Қытай әрқашан ядролық қаруға толығымен тыйым салуды және түбегейлі жоюды жақтады. Таралудың алдын алуда, Қытай жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың және оларды жеткізу жабдықтарының таралуына батыл қарсы тұрып, таралудың алдын алу саласындағы барлық халықаралық келісімдерге және қатысты халықаралық ұйымдарға ат салысты. Химиялық және биологиялық қаруға тыйым салу жағында, Қытай «Химиялық қаруға тыйым салу туралы конвенция» мен «Биологиялық қаруға тыйым салу туралы конвенция» бойынша өз борыштарын табанды түрде орындады және сәйкесті міндетін өтеу тетіктерін құрды. Ғарыш кеңістігін қаруландыру мақсатындағы әскери бәсекенің алдын алуда, Қытай үкіметі ғарыш кеңістігін бейбіт мақсатта пайдалануды, сондай-ақ, ғарыш кеңістігін қаруландыруға және әскери әзірлік мақсатындағы бәсекеге қарсы тұруды ежелден дәріптеп келді. Кәдімгі әскери қаруларды басқару жағында, Қытай «Арнайы түрдегі кәдімгі қарулар туралы конвенцияда» және оның келісімшартында белгіленген борыштарды қатаң атқарды, әрі талап бойынша аталған конвенцияны және оған тіркелген «Мина келісімшартына» сәйкес жылдық міндет өтеу мәліметін тапсырып келді. Әскери шығыстарды жария ұстау және қарапайым қару-жарақтарды өткермелеп рәсімдеу мәселесінде, Қытай 2007 жылдан бастап БҰҰ-ның әскери шығыстарды жария ұстау жүйесіне қосылды. Сол жылы Қытай БҰҰ-ның қару-жарақтар тізіліміне қайта қатысты және жыл сайынғы есептерін ұсынды, дүниежүзіндегі барлық елдермен әскери сенімділікті нығайтуға күш салды. Сонымен қатар, Қытай әрқашан өзінің әскери күштерінің саны мен мөлшерін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде тежеп отырды және бірнеше рет әскерилерді қысқарту әрекетін ырықты түрде жүргізді.


军备控制 

军备控制,是指国家或国际组织通过双边或多边国际条约对武器系统的研究、试验、生产、部署、使用及转让或军队规模等进行的限制,目的在于减轻军事存在的危险性和一旦战争爆发时进行相对的克制。中国重视并积极参与国际军备控制进程,主张充分发挥联合国及其他相关国际组织和多边机制作用,巩固和加强现有多边军控、裁军和防扩散体系,尊重和照顾各国正当合理安全关切,维护全球战略平衡和稳定。在核裁军方面,中国一贯主张全面禁止和彻底销毁核武器。在防扩散方面,中国坚决反对大规模杀伤性武器及其运载工具扩散,参加了防扩散领域所有的国际条约和相关国际组织。在禁止化学、生物武器方面,中国认真履行《禁止化学武器公约》《禁止生物武器公约》的各项义务,建立了相应的履约机制。在防止外空军备竞赛方面,中国政府一贯主张和平利用外空,反对外空武器化和外空军备竞赛。在常规武器军控方面,中国严格履行《特定常规武器公约》及其议定书规定的各项义务,按要求提交公约及其所附《地雷议定书》年度履约报告。在军费透明和常规武器转让登记方面,中国从2007年起参加联合国军费透明制度,同年起恢复参加联合国常规武器登记册并提交年度报告,致力于增进与世界各国的军事互信。此 外,中国始终将军队的数量和规模控制在维护国家安全需要的最低限度,多次主动采取单方面的裁军行动。