ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА СЕРІКТЕСТІК ҚАТЫНАСЫН ОРНАТУ
2018 жылдың қазан айында сегізінші кезекті Бейжің Сяншань форумы өтті, «Қауіпсіздік саласында терезесі тең, сенімді, ынтымақты, өзара пайда жеткізетін жаңа серіктестік қатынас орнату» форумның бас тақырыбы болды. Қауіпсіздік саласында жаңа серіктестік қатынас орнату–дәуірдің даму ағымына сай алға қойылған халықаралық қауіпсіздікті оңтайлау жөніндегі жаңа ұстаным. Мынадай басты мазмұндары қамтиды: Пікірлесу, қарсыласпау, серік болу одақтаспау, көп тараптану бір тараптанбау, өзара пайда жеткізу, ынтымақтасу, мүлде отаспау; Әр елмен және олардың әскери күштерімен түрлі формадағы, көп жікті, көп арналы диалогты, ауыс-түйісті күшейту арқылы сенімді арттырып, күдік-күмәннан арылтып, әскери қауіпсіздік жағында өзара сенімділік механизмін біртіндеп орнату; Қайшылықтар мен алауыздықтарды тілдесу, кеңесу арқылы үйлесімді бір жақты етуге табанды болып, стратегиялық қауіп-қатерді ұтымды тізгіндеу, түрлі қауіп-қатерлер мен сын-сайыстарға қол ұстаса төтеп беріп, өңірдің және дүниежүзінің бейбітшілігі мен тұрақтылығын бірге қорғау жолында құлшыну.
Қауіпсіздік саласында жаңа серіктестік қатынасын орнатудағы мақсат: Барлық елдерді одақтас болмаса қарсылас болатын көне сүрдектен аулақ болуға, дәуірдің даму ағымына сәйкесіп, тең тұрғыда мәміле жасауға, өзара ақылдасу, өзара кешірімшіл болуға, қиялдан жау жасамайтын, үшінші мемлекетке бағыттамайтын, инклюзивті және сындарлы қауіпсіздік серіктестігін орнату жолдарын қарастыруға үндейді және адамзаттың тағдырлас ортақ тұлғасын құруға дем береді, барлық елдерді жауапкершілікті тең бөлісуге, бірге гүлденетін, тең игіліктенетін, пайдасын тең көретін қауіпсіздік ынтымақтастық жолымен жүруге, өзара құрмет ететін, әділ, әділетті, ынтымақтасып тең игіліктенетін жаңаша халықаралық қатынас орнатуға серпін беріп, адамзаттың анағұрлым көркем болашағын бірге жаратуға шақырады.
构建新型安全伙伴关系
2018年10月举行的第八届北京香山论坛,主题为“打造平等互信、合作共赢的新型安全伙伴关系”。构建新型安全伙伴关系,是顺应时代发展潮流提出的国际安全治理新理念。主要内容包括:提倡对话不对抗,结伴不结盟,多边不单边,互利 合作而不搞零和博弈;通过多形式、多层次、多渠道加强与各国及其军队的对话交流,增信释疑,逐步建立军事安全互信机制;坚持以对话磋商妥善处理矛盾分歧,有效管控战略风险,携手应对各种威胁挑战,共同为维护地区和世界的和平稳定作出努力。
构建新型安全伙伴关系,旨在倡导各国跳出结盟或对抗的窠臼,顺应时代发展潮流,平等相待、互商互谅,探索构建不设假想敌、不针对第三方、具有包容性和建设性的安全伙伴关系,推动构建人类命运共同体,呼吁各国共担责任,共同走出一条共建、共享、共赢的安全合作之路,促进构建相互尊重、公平正义、合作共赢的新型国际关系,共创人类更加美好的未来。