Бас бет> Қытай Әскери Кілтсөзі

​​МӘҢГІ ЗОРЕКЕР БОЛМАУ, МӘҢГІ ІРГЕ КЕҢЕЙТПЕУ, МӘҢГІ ЫҚПАЛ КӨЛЕМІН КЕҢЕЙТУДІ КӨЗДЕМЕУ

(Қытай Әскери Кілтсөзі)

08-11-2021 | russian.china.org.cn

МӘҢГІ ЗОРЕКЕР БОЛМАУ, МӘҢГІ ІРГЕ КЕҢЕЙТПЕУ, МӘҢГІ ЫҚПАЛ КӨЛЕМІН КЕҢЕЙТУДІ КӨЗДЕМЕУ

Мәңгі зорекер болмау, мәңгі ірге кеңейтпеу, мәңгі ықпал көлемін кеңейтуді көздемеу – Қытайдың жаңа дәуірдегі ұлттық қорғанысының айқын ерекшелігі болып табылады.

Чжунхуа ұлты ежелден бейбітшілікті сүйеді. Таяу заманнан бері, Қытай халқы шапқыншылық пен тауқыметті әбден тартты, олар бейбітшіліктің қадырын, дамудың көкей тесті қажетін терең түсінеді, өзі бастан кешкен аянышты кешірмелерді басқаларға әсте зорлап таңбайды. Қытай халық республикасы құрылғаннан бергі 70 жылдың ішінде Қытай ешқандай соғыс пен қақтығысты өзі бастап қоздырған жоқ. Реформа және ашық есік саясатын атқарғаннан бері, Қытай елі әлемдік бейбітшілікті ілгерілетуге ұмтылды және 4 миллионнан астам әскери лауазымды ырықтылықпен қысқартты. Қытайдың кедей, әлсіз елден әлемдегі екінші үлкен экономикалық тұлғаға айналуы әсте басқалардың қайыр-садақасы емес, әскери экспанция және отарлық тонау тіпті де емес, қайта халықтың еңбекқорлығы мен татулығының арқасында осы күнге жетті. Қытай әлемдік бейбітшілікті сақтай отырып, өзінің дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасап қана қоймай, сонымен бірге өзінің дамуы арқылы әлемдегі бейбітшілікті алға бастайды. Қытай барлық елдердің бейбіт даму жолын таңдап, қақтығыстар мен соғыстардан бірге сақтануын шынайы үміт етеді.

Қытай бейбіт қатар тұру бес принципі негізінде әр елмен достық ынтымақтастықты дамытуға табанды болады, әр ел халқының даму жолын өз еркімен таңдау құқығына құрмет етеді, халықаралық талас-тартысты тең тұрғыда кеңесу және келіссөз өткізу арқылы шешуді қуаттайды, басқа елдің ішкі ісіне килігуге, күштіге арқаланып, әлсізге тізе батыруға, өз еркін басқаларға зорлап таңуға қарсы тұрады. Қытай одақтаспауға, әрқандай әскери топқа қатынаспауға табанды болады, шапқыншылыққа, ірге кеңейтушілікке қарсы тұрады, қит етсе қару жұмсауға немесе қарулы күшпен сес көксетуге қарсы тұрады. Қытайдың ұлттық қорғаныс құрылысы мен дамуы бастан-аяқ өз қауіпсіздігінің орынды қажетін қанағаттандыруды көзде ұстайды, Қытай әлемдегі бейбітшілікті жақтаушы күштердің артуына бастан-аяқ қолдаушы болып келді. Тарих Қытайдың зорекерліктің сойылын соғып, «мемлекет құдіреттенсе, зорекерлікке басатын» көне сүрдекпен әсте жүрмейтіндігін үздіксіз дәлелдей бермек. Мейлі болашақта дамып қай дәрежеге жетсе де, Қытай ешкімге қауіп төндірмейді, ықпал көлемін кеңейтуді көздемейді.


永不称霸、永不扩 张、永不谋求势力范围 

坚持永不称霸、永不扩张、永不谋求 势力范围,是新时代中国国防的鲜明特征。 中华民族历来爱好和平。近代以来, 中国人民饱受侵略和战乱之苦,深感和平 之珍贵、发展之迫切,决不会把自己经受 过的悲惨遭遇强加于人。新中国成立70 年来,中国没有主动挑起过任何一场战争 和冲突。改革开放以来,中国致力于促进 世界和平,主动裁减军队员额400余万。 中国由积贫积弱发展成为世界第二大经济体,靠的不是别人的施舍,更不是军事扩 张和殖民掠夺,而是人民勤劳、维护和 平。中国既通过维护世界和平为自身发展 创造有利条件,又通过自身发展促进世界 和平,真诚希望所有国家都选择和平发展 道路,共同防范冲突和战争。 中国坚持在和平共处五项原则基础上 发展同各国的友好合作,尊重各国人民自 主选择发展道路的权利,主张通过平等对 话和谈判协商解决国际争端,反对干涉别 国内政,反对恃强凌弱,反对把自己的意 志强加于人。中国坚持结伴不结盟,不参 加任何军事集团,反对侵略扩张,反对动 辄使用武力或以武力相威胁。中国的国防 建设和发展,始终着眼于满足自身安全的正当需要,始终是世界和平力量的增长。 历史已经并将继续证明,中国决不走追逐 霸权、“国强必霸”的老路。无论将来发展 到哪一步,中国都不会威胁谁,都不会谋 求建立势力范围。