Кедейлерді фотоэлектрмен сүйемелдеу–Активтер кірісі арқылы кедейлерді сүйемелдеудің тиімді тәсілі, сонымен қатар кедейлерді кәсіп саласы арқылы сүйемелдеудің өнімді жолы. Фотоэлектрлік энергия таза және экологияға залалсыз,технологиясы сенімді, кірісі тұрақты, отбасы және қыстақ дәрежелі шағын электр станцияларын салуға ғана емес, ірі орталықтандырылған электр станцияларын салуға да жарамды. Оны ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында «фотоэлектрлік» үшін қолдануға болады. Ресурс шарт-жағдайы біршама жақсы аймақтарда жергілікті жағдайға қарай кедейлерді сүйемелдеу қызметін өрістету – кедейлерді дәлме-дәл сүйемелдеу, кедейліктен дәлме-дәл арылту стратегиясына әрі мемлекеттің таза, төмен көміртекті энергияны дамыту стратегиясына үйлеседі; әрі фотоэлектр қуатын өндіру нарығын кеңейтуге, әрі кедейлердің кірісін тұрақты арттыруға тиімді.
Әр жердің тәжірибесінен қарағанда, кедейлерді фотоэлектрмен сүйемелдеудің мынадай төрт негізгі түрі бар: (1)Кедейлерді сүйемелдеуге арналған отбасылық фотоэлектр қуатын өндіру. Кедей отбасылардың үй төбесінен немесе аулаларын бос жерінен пайдаланып, 3-5 KW электр қуатын өндіру жүйесін орнату, меншік құқығы мен пайдасы түгелдей кедей отбасыларға тиесілі. (2)Ауыл деңгейіндегі фотоэлектр станцияларын салу арқылы кедейлерді сүйемелдеу. Ауыл ұжымын құрылыс субиекті етіп, ауыл ұжымының жерінен пайдаланып 100-300 KW шағын электр станциясын салу. Меншік құқығы ауыл ұжымына тиесілі, ал кірісті ауыл ұжымы мен кедей отбасылары салыстырма бойынша бөледі. (3)Кедейлерді фотоэлектрлік жылыжайлар арқылы сүйемелдеу. Ауыл шаруашылық жылыжайлары сияқты заманауи ауыл шаруашылық құрылғыларынан пайдаланып салынған фотоэлектр станцияларының меншік құқығы инвестициялық кәсіпорындар мен кедей отбасылардың иелігінде болады. (4) Жер беті фотоэлектр станциялары арқылы сүйемелдеу. Бос төбелер мен беткейлерден пайдаланып салынған, қуаты 10 МW -тан асатын ірі фотоэлектр станциялардың меншік құқығы инвестициялық компанияға тиесілі болады. Компания ие болған жарна құқығының бір бөлігін тарту етеді, жергілікті үкімет сол жарна құқығының бір бөлігін кедей отбасыларға бөліп береді.
光伏扶贫
光伏扶贫是资产收益扶贫的有效方式,是产业扶贫的有效途径。光伏发电清洁环保、技术可靠、收益稳定,既适合建设户用和村级小电站,也适合建设较大规模的集中式电站,还可以结合农业、林业开展多种“光伏+”应用。在光照资源条件较好的地区因地制宜开展光伏扶贫,既符合精准扶贫精准脱贫战略,又符合国家清洁低碳能源发展战略;既有利于扩大光伏发电市场,又有利于促进贫困人口稳收增收。
从各地的实践看,光伏扶贫主要有四种类型:(1)户用光伏发电扶贫。利用贫困户屋顶或院落空地建设3〜5KW的发电系统,产权和收益均归贫困户所有。(2)村级光伏电站扶贫。以村集体为建设主体,利用村集体的土地建设100〜300KW的小型电站,产权归村集体所有,收益由村集体、贫困户按比例分配。(3)光伏大棚扶贫。利用农业大棚等现代农业设施现有支架建设的光伏电站,产权归投资企业和贫困户共有。(4)光伏地面电站扶贫。利用荒山荒坡建设10MW以上的大型地面光伏电站,产权归投资企业所有,之后企业捐赠一部分股权,由当地政府将这部分股权收益分配给贫困户。