Мемлекеттік кеңестің кедейлерді сүйемелдеу кеңсесінің рәсімдеу, карточка беру туралы санды мәліметінде көрсетілуінше, 2015 жылдың соңына дейін ауру салдарынан кедейлікке ұшыраған және кедейлікке қайта оралған халықтың саны 20 миллион ға жуық болып, бұл жалпы кедей халықтың 44,1% құрайды. Мұның ішінде салмақты ауруға шалдыққандар 7,34 миллион адам. Кедейліктің әртүрлі себептерінің ішінде ауруға байланысты кедейлесу жер-жердің бәрінде алдыңғы қатарда тұрады. Денсаулығының нашар болуы кедейлікке әкелуі мүмкін, ал кедейлік ауруларға оңай душар етеді. Кедей бұқара «ауру-кедейлік-ауру» сынды кесірлі айналымға оңай түсіп кетуі мүмкін.
Сондықтан кедейлердің денсаулық құқықтарын қамтамасыз ету, ауру салдарынан кедейлесуден, ауруға байланысты кедейлікке оралудан сақтану, кедейлерді саламаттық жағынан сүйемелдеу кедейлікпен күрестің түйінді саласына айналды. Кедейлерді саламаттық жағынан сүйемелдеу – мемлекеттің кедейлерді дәлме-дәл сүйемелдеу, кедейліктен дәлме-дәл арылту жалпы жобасының маңызды құрамдас бөлігі, ол кедейлікпен күрес шайқасының жеңісіне қол жеткізуге кепілдік етудегі және жаппай дөңгелек дәулетті қоғам құру мақсатын жүзеге асырудағы маңызды шара болып табылады. Осы мақсатта мемлекеттік денсаулық сақтау және жоспарлы туыт комитетінің кедейлерді сүйемелдеу кеңсесі және басқа департаменттер бірлесіп «Кедейлерді саламаттық жағынан сүйемелдеу жобасын атқару туралы басшылық пікірді» шығарды және кедейлерді саламаттық жағынан сүйемелдеу жобасы кедейлікпен күрестен қамал алу шайқасының «Екіден тарықтырмау, үшті қамтамасыз ету» талаптарына сәйкес, назарды кедей халықтың «негізгі емделуін қамтамасыз ету» сынды жалпылық мақсатқа шоғырландырып, саламатты Қытай және ауыл-қыстақты гүлдендіру сынды екі үлкен стратегияны іске асырып, салмақты науқастарды шоғырлы емдеу, созылмалы ауруларға келісім бойынша қызмет көрсету және басқару, салмақты науқастарды ең төменгі шектен түсірмеу сынды «Үш біртоп» әрекет жоспарын қамтамасыз етіп, кедейлерді «ауруын көрсетуге, ауруын жақсы көрсетуге және ауруын көрсету мүмкіндігі болуға, аз ауруға» дәріптеді.
健康扶贫
国务院扶贫办建档立卡数据显示,截至2015年年底,因病致贫、因病返贫的贫困人口近2000万人,占贫困人口总数的44.1%。其中,患大病的和慢性病的是734万人。在各种致贫原因中,因病致贫在各地区都排在最前面。健康不良的状态容易导致贫困,贫困又容易滋生疾病,贫困人口极易陷入“疾病—贫困—疾病”的恶性循环。
因此,保障贫困人口的健康权利,防止因病致贫、因病返贫,开展健康扶贫,成为脱贫攻坚的重点领域。健康扶贫是国家精准扶贫精准脱贫方略的重要组成部分,是确保打赢脱贫攻坚战、实现全面建成小康社会目标的重要举措。为此,国家卫生计生委、国务院扶贫办等部门联合印发《关于实施健康扶贫工程的指导意见》,强调健康扶贫工程要按照脱贫攻坚战“两不愁三保障”的要求,聚焦贫困人口“基本医疗有保障”这一总体目标,落实健康中国和乡村振兴两大战略,通过大病集中救治一批、慢病签约服务管理一批、重病兜底保障一批“三个一批”行动计划,努力让贫困人口“看得起病、看得好病、看得上病、少生病”。