Бас бет> КЕДЕЙЛІКТЕН ДӘЛМЕ-ДӘЛ АРЫЛТУ

КЕДЕЙ АУДАНДАРДЫҢ КЕДЕЙЛІК ҚАЛПАҒЫН ТҮГЕЛДЕЙ АЛЫП ТАСТАУ

(КЕДЕЙЛІКТЕН ДӘЛМЕ-ДӘЛ АРЫЛТУ)

08-01-2021 | russian.china.org.cn

1986 жылы Қытай үкіметі кедейлерді сүйемелдеу, өркендету жөніндегі арнайы агенттік құрды және үкіметтің бастамасымен дамуға бағытталған кедейлерді сүйемелдеу ісін бастады. Мемлекеттік кеңестің кедей аймақтардың экономикасын гүлдендіру жөніндегі жетекші тобы қатаң стандарттарға сәйкес республика бойынша кедейшілікке ұшыраған 331 ауданды анықтады, содан бері әр кезеңдегі кедейлерді сүйемелдеу, өркендету жағдайларының өзгеруіне сәйкес кедейлерді сүйемелдеу, өркендету қызметіндегі түйінді аудандардың тізімін ілгерінді-кейінді үш рет реттеді. 2011 жылы «Қытайдың кедейлерді сүйемелдеу, өркендету жоба бағдарламасы (2011-2020ж.ж)» жарияланып іске асырылды, Мемлекеттік кеңестің кедейлерді сүйемелдеу, өркендету жөніндегі жетекші тобы мемлекет белгілеген жаңа кезекті кедейлерді сүйемелдеу, өркендету қызметіндегі түйінді аудандар мен шоғырлы ерекше қиыншылығы бар аудандардың тізімін жариялады, мұның алдыңғысы 592 және соңғысы 680-ге жетті. Бір-біріне сәйкес келетін бөліктерді есептемегенде, екеуінің жалпы жиынтығы 832 аудан болып, кедейлікпен күресте кедейлік қалпағын алуға мұқтаж аудандардың қатарын құрады. 

Жаңа дәуірдегі кедейлікпен күресудің мақсаты–2020 жылға қарай «Екіні қамтамасыз етуге» қол жеткізу, яғни ауыл-қыстақтағы кедейлерді кедейліктен арылтуды және барлық кедей аудандардың кедейлік қалпағын алып тастауын қамтамасыз ету. 2016 жылы Си Цзиньпин Чунцинде тексеру-зерттеу жүргізген кезінде: біреуінің шарт-жағдайы пысып-жетілсе біреуін кедейліктен арылтуға табанды болу, өрге ұмтылмаудан, күтіп отырудан, иек артудан, алақан жаюдан сақтауды және түзеймін деп күзеуден, құр атаққа бой ұрудан сақтану керектігін баса дәріптеді. 2016 жылы бүкіл республика бойынша 28 кедей аудан кедейлік тізімінен шегініп шығуға өтініш берді, олардың ішінде Цзянси провинциясының Цзинганшань қаласы және Хэнань провинциясының Ланкао ауданы ұлттық арнайы бағалау мен тексеруден алдымен өтіп, провинциялық үкіметтің бекітіп мақұлдауымен 2017 жылдың 25 және 27 ақпанында кедейлік тізімінен шегініп шықты. 2017 жылы кедейлік тізімінен шегініп шығуға алғашқы топта өтініш берген 28 кедей ауданның кедейліктен арылып, кедейлік қалпағын алып тастауы 1986 жылы мемлекет кедей аудандар тізімін белгілегеннен бері, тұңғыш рет кедей аудан санының таза азайуын жүзеге асырды, сондай-ақ кедей аудандардың түгелдей кедейлік қалпағын алу мақсатын жүзеге асырудың тамаша бастамасы болып, алдағы бірнеше жылда кедей аудандардың кедейлік тізімінен шегінуіне өнегелік рөл атқарды. 2020 жылғы ақпанның соңына дейін, мемлекет бойынша 832 кедей ауданның 601-і кедейлік қалпағын алғандығын, 179 аудан кедейлік қатарынан шығу тексеруінен өткендігін, 52 кедей аудан алдағы  уақытта кедейлік қалпағын алып тастайтындығын,  жалпы аймақтық кедейлік мәселесі негізінен шешілгендігін мәлімдеді. 


贫困县全部摘帽

1986年,中国政府组建专门的扶贫开发工作机构,开启了政府主导的开发式扶贫事业。国务院贫困地区经济开发领导小组按照严格标准在全国范围内识别出331个国家级贫困县,此后根据各时期扶贫开发形势的变化,先后三次调整了国家扶贫开发工作重点县名单。2011年,《中国农村扶贫开发规划纲要(2011—2020年)》颁布实施,国务院扶贫开发领导小组公布新一轮国定扶贫开发工作重点县和集中连片特困地区县,前者592个,后者680个,剔除重合部分,两者合计832个县,构成了脱贫攻坚战需要脱贫摘帽的县。

新时期脱贫攻坚目标是到2020年实现“两个确保”,即确保农村贫困人口实现脱贫、确保贫困县全部脱贫摘帽。2016年习近平在重庆调研时强调:“脱贫摘帽要坚持成熟一个摘一个,既防止不思进取、等靠要,又防止揠苗助长、图虚名。”2016年全国共有28个贫困县提出退出申请,其中江西省井冈山市、河南省兰考县率先通过国家专项评估检查,分别于2017年2月25日、27日由省级政府批准退出。2017年首批申请退出的28个贫困县脱贫摘帽,既是1986年国家设定贫困县以来第一次实现贫困县数量净减少,也是实现贫困县全部摘帽目标的良好起步,为今后几年贫困县退出树立了标杆、作出了示范。截至2020年2月底,全国832个贫困县中已有601个宣布摘帽,179个正在进行退出检查,还有52个贫困县即将摘帽,区域性整体贫困基本得到解决。