Кедейлерді дәлме-дәл сүйемелдеу жалпы жобасы арқылы «Екіден тарықтырмау, үшті қамтамасыз етуді» жүзеге асыру, абсолютті кедейлікті жою – бұрынғы кедейлікті жөнге салу жүйесімен салыстырғанда, шынында да қиын мәселе, ол үшін ресурстарға көп инвестиция құюға, кедейлерді сүйемелдеу практикасында техникалық жаңалық ашуға тура келеді. Біріншіден, кедейлерді дәлме-дәл сүйемелдеу жоғарыдан төменге дейін жүргізіліп отырған әлеуметтік саясат ретінде, оның өзі жоғары жіктің ықпалынан саясаттың бұрмалану қаупіне дөп келіп отыр. Екіншіден, қазіргі кезде кедейлікті жөнге салуға тек үкімет қана жетекшілік ете алатын жағдайда, кедей бұқараның алуан түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру жағында «үкіметтің өзі дәрменсіз» күйде қалып отыр. Үшіншіден, сатылы басқару жағындағы ақпараттың сәйкеспеуі сынды мәселелердің объективті өмір сүруіне байланысты жергілікті үкіметтердің, кедейлерді сүйемелдеу объективтерінің орайшылдық әрекеттерінен де сақтану қиын. Мұның бәрі қосылып «дәлдіктің» объективті кедергілерін құрайды. Нақты тәжірибеден алып қарағанда, бұл мәселелер «кімді сүйемелдеу, кімдер тарапынан сүйемелдеу, қалай сүйемелдеу, қалай кедейлік қалпағын алып тастау» деген төрт сұрақтың төңірегіне шоғырланған. Си Цзиньпиннің кедейлерді сүйемелдеуді түбірлі өлшем еткен байымдаулары осы төрт мәселеге сәйкес тап болған түрлі іс жүзіндік кедергілерді жүйелі түрде шешіп берді.
Нақтылап айтқанда, «кімді сүйемелдеу» мәселесін ойдағыдай шешуде, кедейлерді дәлме-дәл сүйемелдеуге, кедейліктен дәлме-дәл арылтуға табанды болып, ауылдықтар, отбасылар бойынша кедейлікті анықтау жұмысын өрістетіп, анықталған кедей ауылдықтар мен кедей отбасыларына архив тұрғызып, карточка беріп, «Қайырыла қарау» (қайта салыстыру) және саралап реттеу арқылы анықтау дәлдігін үздіксіз арттыру керек. «Кім сүйемелдеу» мәселесін ойдағыдай шешудің тетігі жауапкершілікті адамаға дейін тиянақтандыруда. бүкіл ел бойынша аудан дәрежеліден жоғары органдардан, мемлекет меншігіндегі кәсіпорын, ісорындардан 3 миллионнан астам кадр ауыл-қыстақтарда тұрып көмектесу-сүйемелдеуге таңдап жіберілді, бірінші шепте кедейлерді сүйемелдеу қуаты көрнекті күшейіп, кедейлерді дәлме-дәл сүйемелдеудің «ең соңғы бір шақырымына» жол ашты. «Қалай сүйемелдеу» мәселесін ойдағыдай шешу үшін, «Бес біртоп» жобасын атқару, яғни өндірісті дамыту арқылы біртобын кедейліктен арылту, тұрғындарды көшіру арқылы біртобын кедейліктен арылту, экологиялық төлем беру арқылы біртобын кедейліктен арылту, оқу-ағартуды дамыту арқылы біртобын кедейліктен арылту, қоғамдық қамтамасыз ету арқылы біртобын төменгі шектен түсірмеу, дұрыс «рецепт» пен емдеу арқылы біртобын кедейліктен арылту, сол арқылы «кедейліктің тамырын» аластау қажет.«Қалай кедейлік қалпағын алып тастау» мәселесін ойдағыдай шешу үшін, біріншіден, уақыт кестесін белгілеу және кедей аудандардың тәртіппен кедейлік қатарынан шегініп шығуын жүзеге асыру; Екінші, аралық мезгіл қалдыру және белгілі уақыт ішінде кедейлік қалпағын алып тастамау саясатын атқару; үшінші, қатаң бағалау жүргізу және кедейлік қалпағын алу өлшемі бойынша тексеріп өткізіп алу; төртінші, отбасылар бойынша кедейлік тізімінен өшіру, кедейліктен арылтуды адамаға дейін орындау.
“四个问题”
以精准扶贫方略来实现“两不愁三保障”,消除绝对贫困,这相对于此前的贫困治理体系而言,不啻是一个难题,不仅需要加大资源的投入力度,而且需要在扶贫实践技术层面进行创新。首先,精准扶贫作为一项自上而下推行的社会政策,其本身就面临科层结构造成政策走样的风险。其次,在目前由且只能由政府主导的贫困治理体制下,贫困人群多元化的减贫需求亦面临“政府失灵”的困境。再次,由于层级治理信息不对称等问题的客观存在,地方政府、扶贫对象等的机会主义行为也难以避免。这些都构成了“精准”的客观障碍。在具体实践中,这些难题集中体现为“扶持谁、谁来扶、怎么扶、如何退”四个问题。以习近平扶贫论述为根本遵循,脱贫攻坚系统性地破解了这四个问题在实践中面临的各种障碍。
具体而言,解决好“扶持谁”问题,要坚持精准扶贫、精准脱贫,逐村逐户开展贫困识别,对识别出的贫困村、贫困户建档立卡,通过“回头看”和甄别调整,不断提高识别准确率。解决好“谁来扶”问题,关键在于责任落实到人。全国累计选派300多万县级以上机关、国有企事业单位干部参加驻村帮扶,一线扶贫力量明显加强,打通了精准扶贫“最后一公里”。解决好“怎么扶”问题,要实施“五个一批”工程,即发展生产脱贫一批、易地搬迁脱贫一批、生态补偿脱贫一批、发展教育脱贫一批、社会保障兜底一批,开对“药方子”,拔掉“穷根子”。解决好“如何退”问题,一是设定时间表,实现贫困县有序退出;二是留出缓冲期,在一定时间内实行摘帽不摘政策;三是实行严格评估,按照摘帽标准验收;四是实行逐户销号,做到脱贫到人。