Бас бет> КЕДЕЙЛІКТЕН ДӘЛМЕ-ДӘЛ АРЫЛТУ

«ЕҢ СОҢҒЫ БІР ШАҚЫРЫМ»

(КЕДЕЙЛІКТЕН ДӘЛМЕ-ДӘЛ АРЫЛТУ)

08-01-2021 | russian.china.org.cn

«Ең соңғы бір шақырым»–бастапқыда ұзақ сапардың соңғы шақырымын және бір істі жүзеге асырудағы ең соңғы шешуші қадамын меңзейді. Ұзақ уақыт бойы кедейлерді сүйемелдеу, өркендету қызметі «ең соңғы бір шақырым» мәселесіне тап болып келді.

Көптеген орындарда Си Цзиньпин кедей ауылдарды жаңарту жобасын атқару, ұжымдық экономиканы өсіру және нығайту, инфрақұрылымды жақсарту және кедейлікпен күрестің «ең соңғы бір шақырым» саясатын жүзеге асыру қажет екенін атап өтті. Яғни, кедейлікпен күрестің түйінін өндіріс пен тұрмыс жағдайын жақсартуға аударып, ауыл шаруашылық жерлері, су ресурстары, көлік және байланыс сияқты инфрақұрылым құрылысын және техникалық курсыдан өткізу, білім беру, медициналық көмек сияқты әлеуметтік қызмет көрсету құрылысын түйінді түрде күшейту, әсіресе ауылдықтарды, отбасыларын әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтудың «Ең соңғы бір шақырым» мәселесін ойдағыдай шешу болып табылады. Кедейлікке ұшыраған аймақтардағы фермерлерге жергілікті жерде немесе сыртқа шығып жұмыс істеуге немесе кәсіп ашуға қолдау көрсету, бұл қысқа мерзімді перспективада кірісті арттырудың ең тікелей әдісі болып табылады. Жұмыс күшін экспорттайтын және импорттайтын жергілікті үкіметтер кедейлердің сыртқа шығып жұмыс істеуіне көбірек әдіс-амал қарастырып, нақты істерді көбірек істеуі керек.

Кедейлікпен күрестің бірінші шебіндегі жұмыс күшін нығайту үшін орталық әрбір кедей ауылға сонда тұратын жұмыс тобын жіберуді және әрбір кедей отбасыларында көмекке-сүйемелдеуге жауапты адам болуын талап етті. 2019 жылы сәуірге дейін, бүкіл ел бойынша аудан дәрежеліден жоғары органдардан, мемлекет меншігіндегі кәсіпорын, ісорындардан 3 миллионнан астам кадр ауыл-қыстақтарда тұрып көмектесу-сүйемелдеуге таңдап жіберілді, қызмет орнында түрған бірінші хатшылардан 206 мың адам, қыстақта тұратын кадр 700 мың адам болды. Олар бұқараның нақты іс істеуіне белсене көмектесіп, кедейлерді сүйемелдеу саясат-шараларын жүзеге асыруға ықпал етіп, кедейлерді дәлме-дәл сүйемелдеудің «Ең соңғы бір шақырымына» аяқ басты. 


“最后一公里” 

“最后一公里”原指完成长途跋涉的最后一段里程,被引申为完成一件事情最后的关键性步骤。长期以来,扶贫开发工作就受困于“最后一公里”的问题。

习近平在多个场合指出,要实施贫困村提升工程,培育壮大集体经济,完善基础设施,打通脱贫攻坚政策落实“最后一公里”。即把脱贫攻坚重点放在改善生产生活条件上,着重加强农田水利、交通通信等基础设施建设和技术培训、教育医疗等公共服务建设,特别是要解决好入村入户等“最后一公里”问题。支持贫困地区农民在本地或外出务工、创业,这是短期内增收最直接见效的办法。劳务输出地政府和输入地政府,对贫困人口外出务工要多想办法、多做实事。

为加强脱贫攻坚一线工作力量,中央要求,每个贫困村都要派驻村工作队,每个贫困户都要有帮扶责任人。截至2019年4月,全国累计选派300多万县级以上机关、国有企事业单位干部参加驻村帮扶,在岗的第一书记20.6万人、驻村干部70万人。他们积极帮助群众出主意干实事,推动扶贫政策措施落地落实,打通了精准扶贫“最后一公里”。