Кедейліктің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуы деп кедейлікке қатысты жағдайларды және кедейлікке душар ететін жағдайлар мен факторларды меңзейді. Ол – отбасында ата-анадан балаға өтетін, балалары есейіп-ержеткен соң, ата-ананың кедей һәлін қайталайтын, сөйтіп ата-анасының мұрагері ретінде, сол кедейлік пен тиімсіз факторларды кейінгі ұрпақтарына табыс ететін қатерлі генетикалық тізбекті меңзейді; сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік аумақ немесе белгілі бір жік ішінде, кедейлікке әкелетін жағдайлар мен факторлар ұрпақтар арасында жалғасып, болашақ ұрпақтардың алдыңғы ұрпақтардағы кедейлік жағдайларын қайталауын тудырады.
Оқу-ағарту–кедейліктің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуын тоқтататын түбірлі шара. Қазіргі таңда кейбір кедей өңірлерде оқу-ағартудың дамуы үлкен қиындықтарға тап болып отыр. Әр түрлі себептерге байланысты отбасында қиыншылығы бар оқушылардың оқудан шегінуі, оқудан қол үзуі біршама көп, «оқудан пайда жоқ» теориясын ұстанушылар да көбеюде, көптеген кедей отбасылар мен қарапайым отбасылардың балаларының білім деңгейі арасындағы алшақтық ұлғаюда. Кедей өңірлердің оқу-ағарту істері ұзақ болашаққа саяды, оны, сөз жоқ, күш сала ойдағыдай игеру керек. Кедейлікпен күрес мезгілінде кәсіптік білім беру – қызметтің басты түйіні. Егер кедей отбасының балалары кәсіптік білім алып, шеберліктерін шыңдап, жолы болып жұмысқа орналасса, онда бұл отбасының кедейліктен құтылуына мүмкіндігі болады. Мемлекеттің оқу-ағарту қаржысы үздіксіз түрде кедей өңірлерге, негізгі білім беру мен кәсіптік білім беруге бағытталуы керек, арнайы жұмыс бағдарламалары мен мемлекеттік оқыту бағдарламалары кедей өңірлердің негізгі сатыларына бағытталуы керек. Кедей өңірлердің оқыту шарт-жағдайын жақсартуына көмектесу, ауыл-қыстақ мұғалімдерінің ұжымын құруға қолдауды арттыру және ауыл-қыстақ мұғалімдерін өлке біртұтас толықтыру тетігін орнату қажет. Ресімделіп, карточка берілген кедей отбасындағы балалардан әдеттегі орта мектеп оқу ақысын (әр түрлі) алмауды бастап атқару жөнінде ізденістер жасау және орта кәсіптік білім алу үшін оқу ақысын(әр түрлі) алмауды іске асыру, ауыл-қыстақтардағы кедей отбасылардағы балаларға, әсіресе үйде қалған балаларға ерекше қамқорлық жасау, кедей өңірлердегі мектепке дейінгі тәрбие берудің әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін құру жөнінде ізденістер жасау керек.
贫困代际传递
贫困代际传递是指贫困以及导致贫困的相关条件和因素,在家庭内部由父母传递给子女,使子女在成年后重复父母的境遇——继承父母的贫困和不利因素并将贫困和不利因素传递给后代的恶性遗传链;也指在一定的社区或阶层范围内,贫困以及导致贫困的相关条件和因素在代际之间延续,使后代重复前代的贫困境遇。
教育是阻断贫困代际传递的治本之策。目前,一些贫困地区的教育发展面临很大困难,由于各种原因,贫困家庭孩子辍学失学还比较多,“读书无用论”观点也有所蔓延,不少贫困家庭子女受教育程度同普通家庭的差距正在扩大。贫困地区教育事业是管长远的,必须下大气力抓好。脱贫攻坚期内,职业教育培训是工作重点。一个贫困家庭的孩子如果能接受职业教育,掌握一技之长并顺利就业,这一户脱贫就有希望了。国家教育经费要继续向贫困地区倾斜、向基础教育倾斜、向职业教育倾斜,特岗计划、国培计划同样要向贫困地区基层倾斜。要帮助贫困地区改善办学条件,加大支持乡村教师队伍建设力度,建立省级统筹乡村教师补充机制。要探索率先从建档立卡的贫困家庭学生开始实施普通高中教育免学(杂)费,落实中等职业教育免学(杂)费,大城市优质学校同贫困地区学校结对等帮扶政策。要对农村贫困家庭幼儿特别是留守儿童给予特殊关爱,探索建立贫困地区学前教育公共服务体系。