XX ғасырдың 80 жылдары Қытай коммунистік партиясы(ҚКП) социалистік модернизацияның «үш сатылы» стратегиялық мақсатын алға қойды: бірінші қадам, XX ғасырдың 80 жылдарының соңына қарай, 1980 жылмен салыстырғанда жалпы ішкі өнімнің(ЖІӨ) екі есе өсуіне қол жеткізу және адамдардың ішер ас, киер киім мәселесін шешу; Екінші қадам, ХХ ғасырдың аяғына қарай ЖІӨ-ні тағы екі есеге көбейту, халықтың әл-ауқатын дөңгелек дәулетті өреге жеткізу; Үшінші қадамда, ХХІ ғасырдың ортасына қарай жан басына шаққандағы ЖІӨ-ді орташа дамыған елдің деңгейіне жеткізу, халықтың әл-ауқаты салыстырмалы түрде бай тұратын, модернизацияны негізінен жүзеге асыру.
Халықтың ішер ас, киер киім мәселесін шешу және бүкіл халықтың әл-ауқатын жалпы жақтан дөңгелек дәулетті өреге жетізу сынды осы екі мақсат негізінде, Қытай коммунистік партиясы «Қос жүз жылдық» күрес мақсатын ұсынды. Бірінші жүз жылдықтың мақсаты: Қытай коммунистік партиясы құрылуының 100 жылдығына қарай экономикасы анағұрлым дамыған, демократиясы анағұрлым жетілген, ғылым-техникасы анағұрлым өркендген, мәдениеті анағұрлым гүлденген, анағұрлым жарасымды қоғамы және анағұрлым бардам өмір кешетін дөңгелек дәулетті қоғам құру. Екінші жүз жылдықтың мақсаты: жаңа Қытай құрылуының 100 жылдығына қарай модернизацияға қол жеткізу және Қытайды социалистік модернизацияланған елге айналдыру.
Жаппай дөңгелек дәулетті қоғам құрып, бірінші жүз жылдық күрес мақсатына қол жеткізудегі ең басты көрсеткіш –ауылдағы барлық кедей халықты кедейліктен арылту. Қытай коммунистік партиясы Орталық Комитетінің XVIII құрылтайынан бері, партия орталық комитеті жаппай дөңгелек дәулетті қоғам құру талабын негізге ала отырып, кедейлерді сүйемелдеу, өркендету қызметін «Бесті біртұлғаландыру» жалпы тұлғалық орналастыруы мен «Төрт жаппай орындау» стратегиялық орналастыруына енгізе отырып, оны бірінші жүз жылдық күрес мақсатын жүзеге асырудың түйінді міндеті етіп, бірқатар ірі орналастырулар мен шаралар белгілеп, кедейлікпен күрестен жаппай қамал алу шайқасын бастады.
第一个百年奋斗目标
20世纪80年代,中国共产党提出“三步走”的社会主义现代化建设战略目标:第一步,到20世纪80年代末,实现国民生产总值比1980年翻一番,解决人民的温饱问题;第二步,到20世纪末,使国民生产总值再增长一倍,人民生活达到小康水平;第三步,到21世纪中叶,人均国民生产总值达到中等发达国家水平,人民生活比较富裕,基本实现现代化。
在解决人民温饱问题、人民生活总体上达到小康水平这两个目标基础上,中国共产党提出“两个一百年”的奋斗目标。第一个百年奋斗目标:到建党100年时建成经济更加发展、民主更加健全、科教更加进步、文化更加繁荣、社会更加和谐、人民生活更加殷实的小康社会。第二个百年奋斗目标:到新中国成立100年时,基本实现现代化,把中国建成社会主义现代化国家。
全面建成小康社会,实现第一个百年奋斗目标,一个标志性的指标是农村贫困人口全部脱贫。中共十八大以来,党中央从全面建成小康社会要求出发,把扶贫开发工作纳入“五位一体”总体布局、“四个全面”战略布局,作为实现第一个百年奋斗目标的重点任务,作出一系列重大部署和安排,全面打响脱贫攻坚战。