«СОЛТҮСТІК- ОҢТҮСТІК ДӘЛІЗ» ЖОСПАРЫ ТУРАЛЫ ЕҢ АЛДЫМЕН РЕСЕЙ, ҮНДІСТАН, ИРАН ЕЛДЕРІ 2000-ЖЫЛДАН БАСТАП БАСТАМА КӨТЕРГЕН ЕДІ, МҰНДА ОЛАР ОҢТҮСТІК АЗИЯДАН БАСТАЛЫП АРАДА ОРТА АЗИЯНЫ, КАВКАЗ ӨҢІРІН, РЕСЕЙДЫ БАСЫП ӨТІП, ЕВРОПАҒА БАРАТЫН ЗАТ ТАСЫМАЛ ӨТКЕЛЕК ЖОЛЫН САЛМАҚ БОЛҒАН. «СОЛТҮСТІК-ОҢТҮСТІК ДӘЛІЗІ» ЖОСПАРЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҰЗЫНДЫҒЫ 5000 ШАҚЫРЫМНАН АСАТЫН ОСЫ ӨТКЕЛЕК ЖОЛ САЛЫНАТЫН БОЛСА, ЕВРОПА-АЗИЯ ЗАТ ТАСЫМАЛ ЛЕНИЯСЫНЫҢ ТАСЫМАЛ АРАЛЫҒЫ ҚАЗІРГЫДЕН40% ҚЫСҚАРАДЫ, ТАСЫМАЛ ҚАРАЖАТЫ ДА СОҒАН СӘЙКЕС30% АЗАЯДЫ. БҰЛ ТАСЫМАЛ ДӘЛІЗІНІҢ СОЛТҮСТІГІ ФЫНЛАНДИЯ ШЫҒАНАҒЫНДАҒЫ САНД ПЕТРБУРГТЕН БАСТАЛЫП, АРАДА РЕСЕЙДІҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ КАСПИ ТЕҢІЗІ КЕМЕЖАЙЫ ОРНАЛАСҚАН АСТРАХАНДЫ БАСЫП ӨТІП, КАСПИ ТЕҢІЗІНЕН ИРАННЫҢ СОЛТҮСТІГІНДЕГІ НОУЫШХР ПОРТЫНАН АТТАП, ОДАН АРЫ ОҢТҮСТІККЕ ОЙЫСЫП, ИРАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕГІ КЕМЕЖАЙ ҚАЛАСЫ – АББАСҚА ДЕЙІН БАРЫП, ОДАН АРЫ ОМАННАН ӨТІП, ЕҢ СОҢЫНДА ШЫҒАНАҚТЫ БАСЫП ҮНДІСТАННЫҢ КЕМЕЖАЙ ҚАЛАСЫ БОМБЕЙГЕ ЖЕТЕДІ, БҰЛ ТАС ЖОЛ, ТЕМІР ЖОЛ, ТЕҢІЗ ТАСЫМАЛЫ ҚАТАРЛЫ КӨП ТҮРЛІ ТАСЫМАЛ ФОРМАСЫН ҚАМТИДЫ. БҰЛ ТАСЫМАЛ ДӘЛІЗІНЫҢ ЖОСПАРЫНДА ҮНДІСТАННЫҢ БАТЫС ТЕҢІЗ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ КЕМЕЖАЙЛАР МЕН ИРАННЫҢ АРАБ ТЕҢІЗІНДЕГІ АББАС КЕМЕЖАЙЫ ЖӘНЕ ЧАХБАР КЕМЕЖАЙЫ ТҰТАСТЫРЫЛАДЫ. БҰЛ ЖОСПАР АЛҒА ҚОЙЫЛҒАННАН БЕРІ, ҚАРЖЫ ТАПШЫЛЫҒЫ, САЯСИ АЛАУЫЗДЫҚ, ӘСІРЕСЕ, ӨЗЕКТІ ОРЫНДА ТҰРАТЫН ИРАННЫҢ ПОЗИЦИЯСЫНЫҢ КЕРЕНАУЛЫҒЫ САЛДАРЫНАН ІЛГЕРІ БАСПАЙ КЕЛЕДІ, СОДАН БЕГІ НЕДӘУІР ҰЗАҚ УАҚЫТ ІШІНДЕ ӘРҚАЙСЫ ЖАҚТАР НАҚТЫ ЖҰМЫС БАСТАУ ЖӨНІНДЕ БІР АУЫЗДЫЛЫҚҚА КЕЛЕ АЛМАДЫ. 2011-ЖЫЛЫ, ҮНДІСТАННЫҢ БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТУЫМЕН БҰЛ ЖОСПАР ҚАЙТАДАН ҚОЛҒА АЛЫНДЫ. СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ЕЛДЕРДІ ҚАМТЫҒАН 16 ЕЛ БҰЛ ЖОБАҒА ҚАТЫНАСТЫ. ДЕСЕДЕ, ҮНДІСТАН МЕН ПАКИСТАН АРАСЫНДАҒЫ КӨМЕСКІ ҚАҚТЫҒЫС САЛДАРЫНАН ҮНДІСТАН БЕЛСЕЛЕ ІЛГЕРІЛЕТІП КЕЛЕ ЖАТҚАН БҰЛ «СОЛТҮСТІК- ОҢТҮСТІК ДӘЛІЗІНІҢ» БОЛАШАҒЫ БҰЛДЫР БОЛЫП ТҰР.
Бас бет> БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ
РЕСЕЙ, ҮНДІСТАН, ИРАН ЕЛДЕРІНІҢ «СОЛТҮСТІК- ОҢТҮСТІК ДӘЛІЗІ» ЖОСПАРЫ
(БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ)
20-04-2017 | russian.china.org.cn