Бас бет> БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ

БАНГЛАДЕШ-ҚЫТАЙ-ҮНДІСТАН-БИРМАЭКОНОМИКАЛЫҚ ДӘЛІЗІ

(БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ)

19-04-2017 | russian.china.org.cn

БАНГЛАДЕШ-ҚЫТАЙ-ҮНДІСТАН-БИРМАЭКОНОМИКАЛЫҚ ДӘЛІЗІН АЛҒАШ РЕТ 20-ҒАСЫРДЫҢ 90-ЖЫЛДАРЫНЫҢ АЯҒЫНДА ҚЫТАЙДЫҢ ЮНЬНАНЬ ӨЛКЕСІНІҢ ҒЫЛЫМ САЛАСЫ ОРТАҒА ҚОЯДЫ ӘРІ ҮНДІСТАН, БИРМА, БАНГЛАДЕШТІҢ СӘЙКЕСТІЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ ТОЛҒАНЫСТАРЫНА МҰРЫНДЫҚ БОЛАДЫ. 2013-ЖЫЛЫ МАМЫРДА, ПРЕМЕР-МИНИСТР ЛИ КЭЦЯННЫҢ ҮНДІСТАНҒА САПАРЫ КЕЗІНДЕ, ҚЫТАЙ МЕН ҮНДІСТАН БАНГЛАДЕШ-ҚЫТАЙ-ҮНДІСТАН-БИРМАЭКОНОМИКАЛЫҚДӘЛІЗІН ҚҰРЫП, ҚЫТАЙ МЕН ҮНДІСТАННЫҢ ІРІ НАРЫҚТАРЫН ТЫҒЫЗ ТҰТАСТЫРЫП, ӨҢІРДІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫН НЫҒАЙТУДЫ ОРТАҚ ҮНДЕДІ, ОҒАН БАНГЛАДЕШ, БИРМА ЕЛДЕРЫ БЕЛСЕНДІ ПІКІР ҚОСТЫ. 2013-ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАНДА, БАНГЛАДЕШ-ҚЫТАЙ-ҮНДІСТАН-БИРМАЭКОНОМИКАЛЫҚ ДӘЛІЗІ БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ГРУППАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОТЫРЫСЫ КУНЬМИНДЕ АШЫЛДЫ, ТАРАПТАР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДӘЛІЗ ТУРАСЫНДАҒЫ БІРЛЕСКЕН ЗЕРТТЕУ ЖОСПАРЫНА ҚОЛ ҚОЙЫСЫП, ТӨРТ ЕЛ ҮКІМЕТІ АРАСЫНДА БАНГЛАДЕШ-ҚЫТАЙ-ҮНДІСТАН-БИРМА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МЕХАНИЗМЫН РЕСМИ ОРНАТТЫ. 2014-ЖЫЛЫ ҚЫРКҮЙЕКТЕ, ТӨРАҒАСИ ЦЗИНЬПИНҮНДІСТАНҒА САПАРЫ КЕЗІНДЕ ҮНДІСТАННЫҢ ПРЕМЕР-МИНИСТРІ МОДИМЕН КЕҢЕС ӨТКІЗІП, ҚЫТАЙ МЕН ҮНДІСТАН БАНГЛАДЕШ-ҚЫТАЙ-ҮНДІСТАН-БИРМАЭКОНОМИКАЛЫҚ ДӘЛІЗІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖЕДЕЛДЕТІП, «БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ» АЯСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ІСКЕ АСЫРУҒА ТИІС ДЕП АЛҒА ҚОЙДЫ. 2014-ЖЫЛЫ ЖЕЛТОҚСАНДА, БАНГЛАДЕШТЫҢ КОКСБАЗААР ҚАЛАСЫНДА БАНГЛАДЕШ-ҚЫТАЙ-ҮНДІСТАН-БИРМАЭКОНОМИКАЛЫҚ ДӘЛІЗІ БІРЛЕСКЕН ҚЫЗМЕТ ГРУППАСЫНЫҢ ЕКІНШІ ОТЫРЫСЫ ӨТІП, ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДӘЛІЗДІҢ БОЛАШАҒЫ, БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ МЕН ДАМУ БАҒДАРЫ ТАЛҚЫҒА САЛЫНДЫ ЖӘНЕ НАЗАРГА АЛЫНДЫ. АТАЛҒАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДӘЛІЗ ОСЫ ТӨРТ ЕЛГЕ ТІКЕЛЕИ ТИІМДІ БОЛЫП ҚАЛМАСТАН, ОНЫҢ ЫҚПАЛЫ ОҢТҮСТІКАЗИЯ, ОҢТҮСТІКШЫҒЫСАЗИЯ, ШЫҒЫС АЗИЯ СЫНДЫ ҮШ ІРІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛЕКТЕРДІҢ БІРЛЕСЕ ДАМУЫНА ҚОЗҒАУШЫ БОЛАДЫ.