Бас бет> БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ

ҚЫТАЙ-ОРТА АЗИЯ-БАТЫС АЗИЯЭКОНОМИКАЛЫҚ ДӘЛІЗІ

(БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ)

19-04-2017 | russian.china.org.cn

ҚЫТАЙ-ОРТА АЗИЯ-БАТЫС АЗИЯЭКОНОМИКАЛЫҚ ДӘЛІЗІ ШЫҒЫСТА ҚЫТАЙДАН БАСТАЛЫП, БАТЫСТА АРАБ ТҮБЕГІНЕН АЯҚТАЙДЫ, ҚЫТАЙ, ОРТА АЗИЯ ЖӘНЕ БАТЫС АЗИЯ ЕЛДЕРЫ АРАСЫНДА ҚАЛЫПТАСҚАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ АЙМАҒЫ, ЖАЛПЫЛАЙ БАЙЫРҒЫЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ АУМАҒЫМЕН ОРАЙЛАС. ДӘЛІЗ СИНЬЦЗЯННАН БАСТАЛЫП, ОРТА АЗИЯ ӨҢІРІН ЕНДЕЙ ӨТІП, ПАРС ШЫҒАНАҒЫНА, ЖЕР ОРТА ТЕҢІЗІ ЖАҒАЛАУЫНА ЖӘНЕ АРАБ ТҮБЕГІНЕ ЖЕТЕДІ, БАСТЫСЫ, ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ БЕС МЕМЛЕКЕТТІ (ҚАЗАҚСТАН, ҚЫРҒЫЗСТАН, ТАЖЫКСТАН, ӨЗБЕКСТАН, ТҮРКІМЕНСТАН) ЖӘНЕ БАТЫС АЗИЯДАҒЫ ИРАН, САУДИ АРАБИЯ, ТҮРКИЯ СИЯҚТЫ 17 МЕМЛЕКЕТ ПЕН АЙМАҚТЫ БАУЫРЫНА БАСЫП ЖАТҚАН БҰЛ ДӘЛІЗ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ. ОРТА АЗИЯ МЕН БАТЫС АЗИЯ АУМАҒЫ РЕСУРСТАРҒА БАЙ БОЛҒАНЫМЕН, ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУЫНА ТҰСАУ БОЛҒАН ЫҚПАЛДАР ДА ШАШ ЕТЕКТЕН, ОНЫҢ ІШІНДЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ МЕШЕУЛІГІ, ҚАРАЖАТ ПЕН ТЕХНИКАНЫҢ ТАПШЫЛЫҒЫ СИЯҚТЫ МӘСЕЛЕЛЕР БІРШАМА АУЫР. ҚЫТАЙ-ОРТА АЗИЯ-БАТЫС АЗИЯЭКОНОМИКАЛЫҚ ДӘЛІЗІНІҢ АШЫЛУЫ СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКА-САУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ МЕН ҚАРЖЫ АЙНАЛЫМЫНА ДАҢҒЫЛ ЖОЛ САЛЫП, ҚАТЫСТЫ ЕЛДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУЫНЫҢ ЖЕДЕЛДЕУЫНЕ ҚАЛАЙДА АЙТАРЛЫҚТАЙ ӘСЕР ЕТЕРІ ДАУСЫЗ.