ЖАҢА ЕВРАЗИЯ ҚҰРЛЫҚ КӨПІРІ― «СИБЕРИЯ ҚҰРЛЫҚ КӨПІРІНЕ» (РЕСЕЙДІҢ ШЫҒЫСЫНДАҒЫ ТЕҢІЗ ЖАҒАЛАУЫНА ОРНАЛАСҚАН ДИВОСТОКТАН БАСТАУ АЛЫП, СИБЕРЯТЕМІР ЖОЛЫН БОЙЛАЙ МӘСКЕУГЕ ЖЕТІП, АРЫ ҚАРАЙ ЕВРОПА ЕЛДЕРІНЕ БАҒЫТ АЛАДЫ) САЛЫСТЫРА АЙТЫЛҒАН, «ЕКІНШІ ЕВРАЗИЯ ҚҰРЛЫҚ КӨПІРІ» ДЕП ТЕ АТАЛАДЫ, ШЫҒЫСЫ ЦЗЯНСУДЫҢ ЛЯНЬЮНЬГАНЫ, ШАНДУННЫҢ ЖИЧЖАОЫ СИЯҚТЫ ТЕҢІЗ ЖАҒАЛАУЫНДАҒЫ КЕМЕЖАЙЛЫ ҚАЛАЛАРДАН БАСТАЛЫП, БАТЫСТА НИДЕРЛАНДТЫҢ РОТТЕРДАМЫ, БЕЛГЯНЫҢ АНТВЕРПЕНІ СИЯҚТЫ ПОРТТАРҒА ТІРЕЛЕДІ, ЖОЛШЫБАЙ ҚАЗАҚСТАН, РЕСЕЙ, БЕЛОРУСЬ, ПОЛША, ГЕРМАНИЯ, Т.Б. МЕМЛЕКЕТТЕРДЕН ӨТЕДІ, ЖАЛПЫ ҰЗЫНДЫҒЫ 10 МЫҢ 800 ШАҚЫРЫМ, ЖЕР БЕТІНДЕГІ 30 ДАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТ ПЕН ӨҢІРДІ БАЙЛАНЫСТЫРЫП, АЗИЯ МЕН ЕВРОПА ҚҰРЛЫҚТАРЫН ЕНДЕЙ ӨТІП, ТЫНЫҚ МҰХИТ ПЕН АТЛАНТ МҰХИТЫ АРАСЫН ЖАЛҒАЙТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЛЫ АРНА. ЖАҢА ЕВРАЗИЯ ҚҰРЛЫҚ КӨПІРІ 20-ҒАСЫРДЫҢ 90-ЖЫЛДАРЫНЫҢ БАСЫНДА ҚАЛЫПТАСА БАСТАДЫ. АЛАЙДА, МЕМЛЕКЕТТЕР САЯСАТЫ, САУДА ЖҮЙЕСІ, ЖОЛ-КӨЛІК ТЕХНИКАЛАРЫ ЖӘНЕ ГЕОСАЯСИ АХУАЛ СИЯҚТЫ АЛУАН ТҮРЛІ СЕБЕПТЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ, ЖАҢА ЕВРАЗИЯ ҚҰРЛЫҚ КӨПІРІ ТИІСТІ ЗАТ АЙНАЛЫМЫНДЫҚ ҰЛЫ АРНА РӨЛІН АТҚАРА АЛМАДЫ, ӨТЕ-МӨТЕ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТҚА САЙ ТЕМІР ЖОЛ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БІРШАМА АРТТА ҚАЛДЫ. «БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ» ЖАҢА ЕВРАЗИЯ ҚҰРЛЫҚ КӨПІРІНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫН ЖЕДЕЛДЕТІП, ЖЕЛІ БОЙЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТЕР МЕН ЕВРАЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКА-САУДА БАЙЛАНЫСТАРЫНА ЫҢҒАЙЛЫ ҰЛЫ АРНА ӘЗІРЛЕЙДІ. СОҢҒЫ ЖЫЛДАРЫ, «БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ» ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ТАҢБАБАСТЫ ЖОБАЛАРЫ РЕТІНДЕ, ЧУНЦИН-СИНЬЦЗЯН-ЕВРОПА, ЧЭНДУ-СИНЬЦЗЯН-ЕВРОПА, И-У-СИНЦЗЯН-ЕВРОПА, Т.Б. БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША ТЕМІР ЖОЛ ТАСЫМАЛ ЖЕЛІСІ АШЫЛДЫ. БҰЛАРДЫҢ ІШІНДЕ АЛДЫҢҒЫСЫ ЧУНЦИННАН ОРТА, ШЫҒЫС ЕВРОПАДАҒЫ ПОЛША АРҚЫЛЫ ГЕРМАНЯНЫҢ ДУЙСБЕРГ ҚАЛАСЫНА, ЕКІНШІСІ ЧЭНДУДАН ТІКЕ ПОЛШАҒА, СОҢҒЫСЫ Й-УДАН ИСПАНЯНЫҢ АСТАНАСЫ МАДРИТҚА ТҰТАСАДЫ. СОНЫМЕН БІРГЕ, «ЖАҢА ЕВРАЗИЯ ҚҰРЛЫҚ КӨПІРІ» ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ҚАТЫСТЫ ТАС ЖОЛ, ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ,КЕМЕЖАЙ ҚҰРЫЛЫСТАРЫ СИЯҚТЫ ЖҰМЫСТАР ДА ОРНЫҚТЫ ҚАДАММЕН ІЛГЕРІЛЕП КЕЛЕДІ.
Бас бет> БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ
ЖАҢА ЕВРАЗИЯ ҚҰРЛЫҚ КӨПІРІ
(БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ)
19-04-2017 | russian.china.org.cn